{metadescription}
Қазақстандықтар ең төменгі жалақы алатын болып шықты
Қазақстандықтар ең төменгі жалақы алатын болып шықты

Қазақстандықтар ең төменгі жалақы алатын болып шықты

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінде ең аз еңбекақы төленетін мемлекет екен.  

Біздегі ең төменгі жалақы биыл 14 пайызға өскеннің өзінде 28 284 теңгені құрайды. Жүз долларға да жетпейді. Бізден төмен тұрған тек Қырғызстан.  Айыр қалпақты ағайынның ең төменгі айлығы 17 доллар. Шамамен 6 мың теңге. Ал көш басында Ресей. Солтүстіктегі көршімізде ең төменгі жалақы мөлшері 9 мың рубль, яғни 45 мың теңгедей. Одан кейін Беларусь. 155 доллар.  Арменияда да ең төменгі жалақы жүз доллардан жоғары.  Тіпті әр штаттың өзінің ең төменгі айлық мөлшері бар Америка азаматтарының апталық табысы Қазақстанның ең төменгі бір айлық жалақысынан жоғары екен. Флоридалықтар болса біздің ең төменгі айлықты он-ақ сағатта табатын көрінеді. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.