{metadescription}
Шымкентте де Назарбаев даңғылы пайда болуы мүмкін
Шымкентте де Назарбаев даңғылы пайда болуы мүмкін

Шымкентте де Назарбаев даңғылы пайда болуы мүмкін

Бүгін Оңтүстік Қазақстанның депутаттары осы қаланың басты даңғылдарының біріне Елбасының атын беру туралы ұсыныс айтты.

Өмірзақ Мелдеханов, ОҚО мәслихатының депутаты:

-Біздер бір топ депутаттар әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан Астана даңғылын еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен атау туралы ұсыныс тастаған болатынбыз. Айтулы ұсыныс Елбасы үнемі сенім артып, арқа сүйейтін оңтүстік жұрты, соның ішінде 3 миллионға жуық халықтың атынан депутат боп сайланған халық қалаулыларының тарапынан қолдау табады деген сенімдемін.

Шымкенттегі Астана даңғылын Назарбаев деп өзгерту туралы ұсынысты жергілікті халық қалаулылары бірауыздан қолдап отыр. Енді қазіргі Астана даңғылы бойындағы тұрғындардың да пікірі есепке алынуы шарт. Одан ары қарай тиісті арыз республикалық ономастика комиссиясында қаралады. Яғни Шымкентте Назарбаев атындағы даңғыл керек немесе қажет еместігі Елордада шешілуі тиіс. Айта кетсек, өткен айда президент тілшілермен кездесуі кезінде көшелерге өзінің атын беруге қарсы екенін айтқан болатын. Десе де, бұл сөзге құлақ аспаған күнгейлік депутаттар 6 жыл бұрын ғана пайда болған Астана даңғылын өзгертуге құлшынып отыр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.