{metadescription}
Ақтөбеде мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен  лауазымды полицей қамауға алынды
Ақтөбеде мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен  лауазымды полицей қамауға алынды

Ақтөбеде мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен лауазымды полицей қамауға алынды

Ұсталған Мәртөк аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы. Лауазымды қызметкердің былығын оның бұрынғы әйелі ашып отыр.

Келіншек үйді жинап жүріп «аса құпия» деген жазуы бар құжаттарды тауып алған. Ол бірден адвокатына хабарласып, бұрынғы жары Евгений Лазаревтің үстінен арыз жазыпты. Ашулы әйел бағалы мәліметтермен бірге жатқан алпысқа жуық автоматтың оғын да тәртіп сақшыларына санап берген. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия салақ басшының мемлекетке келтірген шығынын 22 миллион теңге деп отыр. Бұрынғы әйелі ұстап берген Лазаревті енді қазіргі азаматтық некеде тұрған жары қорғаштап әлек. Оның айтуынша, ІІБ басшысына бұрынғы жары күн көрсетпейді екен. Екеуінің жанжалдасып жүргеніне 3 жылға жуықтапты. Айта кетейік, мемлекеттік құпияны әйелінен жасыра алмаған полицейдің зейнетке шығуына жеті жыл қалған екен.

Наталья Горовая, Е. Лазаревтің азаматтық некедегі әйелі:

-Ол құжаттарды 5 жыл өткен соң тауып отыр. Барып өткіздім.  Бірақ «құпия» деген жазуды көрген соң ішін ашып оқымадым дейді. Ақылға сыймайтын сандырақ әңгіме.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.