{metadescription}
Тайландтта жол апатына түскен отандастарымызға қатысты жаңа мәліметтер шықты
Тайландтта жол апатына түскен отандастарымызға қатысты жаңа мәліметтер шықты

Тайландтта жол апатына түскен отандастарымызға қатысты жаңа мәліметтер шықты

Қазақстандық 8 турист Таиландта жол апатына түсті.  «Хануман әлемі» саябағында тұраққа бет алған микроавтобус талға соғылған.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше,  8 отандасымыздың төртеуі түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Сүйегі сынып, денесі тілінгендеріне шұғыл көмек көрсетілген. Дәрігерлер ем-дом жасап, өз бақылауларына алған.  Ал, жеңіл жарақатпен түскен 1993 жылғы азаматша ауруханадан шыққан. Министрліктің мәліметінше, қалған 4 қазақстандықтың денсаулығы бірқалыпты. Ақ халаттылардың көмегін қажет етпейді.  Полиция апаттың себеп-салдарын анықтауға кірісіп кетті. Ал, рөлге ие бола алмай адам өмірін қатерге тіккен жүргізушінің қанында алкоголь бар-жоғын нақтылауға сараптама тағайындалған.

-Қазақстандық дипломаттар Таиландтың Пхукет аралында апаттан зардап шеккен азаматтармен байланыста. Қажетті көмектің бәрін көрсетіп жатыр. Барлығының медициналық сақтандыруы бар. Ауруханада 1945, 1982 және 1978 жылы туған отандастарымыз жатыр. 

ҚР Сыртқы істер министрлігі

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.