{metadescription}
Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды
Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Соңғы бір айға жуық уақыт бойы билікте көрінбей кеткен Асқар Мырзахметов ақыры қызметке тағайындалды. Ол енді Жамбыл облысын басқаратын болды. Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Кәрім Көкірекбаев қызметінен босатылып, оның орнына Асқар Исабекұлы тағайындалды. 

Үкімет басшысының орынбасары әрі ауыл шаруашылығы министрі болған Мырзахметов өткен жылы желтоқсан айының ортасында осы қос лауазымынан бірдей босатылып, біраз уақыт жұрт көзіне көрінбей кеткен еді. Жұмыссыз жүрген шенеунік Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің орнына барады деген қауесет те тарады. Алайда Мырзахметов күтпеген жерден Көкірекбаевтың жылы орнына жайғасты. 55 жастағы Асқар Исабекұлының аймақ басқаруда тәжірибесі бар. Ол 2009-2015 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысына әкім болған. Ал, Кәрім Көкірекбаев аймақ басшысы лауазымына 2013-ші жылы келген еді. 60 жастағы экс-әкімнің енді қайда және қандай қызметке барары әзірге айтылмай жатыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.