{metadescription}
Балаларды қатерлі ісік ауруынан емдеуге болады
Балаларды қатерлі ісік ауруынан емдеуге болады

Балаларды қатерлі ісік ауруынан емдеуге болады

Бірақ, ерте диагностиканың жасалмауынан науқастардың жартысынан астамы қиын жағдайда қалып отыр. Қазақстандағы ресми деректер осындай.

Риза Боранбаева, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры:  

-Қазір балалардың қатерлі ауруы шамамен 65 пайызында 3-4 дәрежесінде анықталады. Ондай жағдайда емдеу шаралары аса тиімді болмайды. Жалпы, бүгінгі таңда балалар рагынан жазылып шығуға болады. Бірақ, ерте диагностика жасалмаса, оған қандай ем қолданса да жарамайды.  

Елімізде жыл сайын орта есеппен 500-ден астам бала қатерлі дертке шалдығады. Оның ішінде ең көп кездесетіні жіті лейкозбен ауыратындар 34 пайызын құрайды. Ең қауіптісі, қауіпті ауру ең кішкентай бүлдіршіндерге жиі ауыз салады. Статистика бойынша, науқас балалардың 40 пайызы 3 жасқа дейінгілер болып отыр. Алайда, дәрігерлер аурудан жазылып шығуға болатынын айтады. Ауыр кеселді жеңіп шыққандардың жарқын мысалы 6 жастағы Ақерке Асылбек. Ағзасындағы дерт 3 жарым жасында пайда болған. 9 ай бойы емделген ол бүгінде құлан таза айыққан.

Нұргүл Манекеева, Ақеркенің анасы:

-Соңғысын осы Алматыда педиатрия институтында қойылды. 9 ай емделді. Әрине қиын. Функция арқылы алынады. Барлық химияны ауыр көтерді. Қазір бірақ жақсы. Ұмытып кеткен Ақерке.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде