Онда гастрабайтерлер мен сырттан келген бизнесмендерге Қазақстанда жұмыс істеу үшін рұқсат қағазын алуға болады.Миграциялық орталық пилоттық жоба ретінде сынақтан өткен. Бүгін ресми түрде ашылды. Енді елімізге жұмыс іздеп келгендер бұрынғыдай құжат реттеп 5 күн жүрмейді.
Астанада шетелдіктерге арналған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды
Астанада шетелдіктерге арналған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Астанада шетелдіктерге арналған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Онда гастрабайтерлер мен сырттан келген бизнесмендерге Қазақстанда жұмыс істеу үшін рұқсат қағазын алуға болады.

Миграциялық орталық пилоттық жоба ретінде сынақтан өткен. Бүгін ресми түрде ашылды. Енді елімізге жұмыс іздеп келгендер бұрынғыдай құжат реттеп 5 күн жүрмейді. Бар шаруасын бір сағатта шешеді. Бұл шетелдік бизнесмендер үшін де ыңғайлы. Сондай-ақ, орталықта медициналық, дактилоскопиялық тексеруден өтуге, тіпті, ЖСН да алуға болады. Бұған дейін еңбек мигранттарының мәселесімен Ішкі істер министрлігі айналысатын. Сондай-ақ, бүгін Елордада халыққа сандық қызмет көрсету орталығы да іске қосылды. Онда тұрғындар оператордың көмегінсіз 700  түрлі құжатты өз беттерінше шығарып ала алады. Адамдар үйде отырып-ақ электронды үкіметтің сайтына кіріп, мекен-жайы, мүлік туралы анықтама, зейнетақы қоры қатысты ақпарат алуына жағдай жасалған. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі:

-Басты мақсат – адамдар өздері цифрлық қабілетін көтеріп, өздері керек құжатты алуды ұйымдастыру. 2017 жылы 37 миллионға жуық адамдарға қызмет етті ЦОН-дар. 24 миллионы соның ішінде электронды құжаттар. Жылдан жылға көбейіп келеді. Осындай цифорлық ЦОН-ды әр қалада ашуға өзімізге талап қойып отырмыз.

Кеше7

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...