Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары басталды. Президент ұшағы бүгін таңертең Вашингтонға қонды. Елбасын Америка билігі бар сән-салтанатымен қарсы алды. Назарбаевтың ресми сапары үш күнге жалғаспақ. Мемлекет басшысы бүгін АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі деп жоспарланған.
Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары басталды
Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары басталды

Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары басталды

Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары басталды. Президент ұшағы бүгін таңертең Вашингтонға қонды. Елбасын Америка билігі бар сән-салтанатымен қарсы алды.

Назарбаевтың ресми сапары үш күнге жалғаспақ. Мемлекет басшысы бүгін АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі деп жоспарланған. Тараптар аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық қарым-қатынасты нығайтудың жолдарын талқылайды. Астана мен Вашингтонның арасындағы байланысты қазіргіден де жақсарту жағы сөз болмақ. Айта кету керек, АҚШ Қазақстанның ең үлкен инвесторларының бірі. Қазір елімізде мерикалық 500 компания жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Назарбаев 18-ші қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиынына қатысады. Басты тақырып - ядролық қаруды таратпау мәселесі. Биыл еліміз алғаш рет Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болады және төрағалық етеді. 

Вчера9

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...