{metadescription}
Қысқы Олимпиадада Қазақстан құрамасы қандай форма киеді?
Қысқы Олимпиадада Қазақстан құрамасы қандай форма киеді?

Қысқы Олимпиадада Қазақстан құрамасы қандай форма киеді?

Қазақстан ұлттық құрамасына жапондар жаңа форма тігіп берді. Оңтүстік Кореядағы қысқы ойындарға қатысатын отандық спортшылардың  киімі бүгін Астанада таныстырылды.

Спорттық киімдер жиынтығы парадтық жылы куртка, кеудеше, шалбар, жаттығуға арналған жеңіл костюм, сөмке мен аяқ киімнен тұрады. Бұған дейінгі олипиада формаларынан аса ерекшелігі жоқ. Жапон дизайнерлері көп ойланып, бас қатырмаған сыңайлы. Көк пен ақ түсті араластырып, көз үйренген ескі спорттық киім үлгісін аздап өзгертіп, қайта тігіп берген. Жалпы, отандық және өзге де шетелдік фабрикалар мен дизайнерлер өз эскиздерін ұсынған екен. Бірақ Спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті жапониялық компанияны таңдапты. Ұйымдастырушылар жаңа формаға нақты қанша қаржы жұмсалғанын айтпай отыр. Өйткені ақпанда Пхенчханде өтетін қысқы Олимпиадаға қатысатын отандық спортшылардың саны әлі белгісіз. Сайысқа әлемнің 90 елінен ойыншылар қатысады деп жоспарлануда.

Жігер Әзберген, Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми өкілі:

-Спортшыларымыз әлі де Олимпиадаға жолдама алу үстінде. Жарыс жалғасып жатыр. 50 астам лицензия алу жсопарланып отыр. Біз спорттың 9 түрінен өнер көрсетеміз деген жоспар бар. Қазір бізде 30 астам лицензия бар. Ол коньки, шорт трек, биатлон және мәнелеп сырғанаудан үш лицензия бар. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде