{metadescription}
Қалың қар жамбылдықтарды әбігерге салды
Қалың қар жамбылдықтарды әбігерге салды

Қалың қар жамбылдықтарды әбігерге салды

Жамбыл облысының жұрты кешеден бері көшеге шығудан қалды. Себебі, үш күн бойы толассыз жауған қар жолдарды басып қалған. Ал коммуналдық мекеме өкілдері көміп қалған ақ ұлпаны аршуға қауқарсыздық танытуда.  

Бүгін Таразда қалың қарға батып, дәл осылай бірін-бірі сүйреп уәреге түсіп жатқандардың қарасы көп болды. Қалыңдығы 30 сантиметрден асатын қар тұрғындарды әбден титықтатты. Жеңіл көлік тұрмақ, автобустардың өзі жолға шыға алмай қиналды. Оған қардың дер кезінде күрелмеуі себеп. Оның үстіне қоғамдық көліктердің  көбіне қысқы дизелдік отын құйылмаған екен. Жазғы жанармаймен жүргендер қатып жолда қалған. Соның кесірінен шаһар тұрғындары діттеген жерлеріне жете алмай әбден қиналды. Тек түс ауа қаланың басты көшелері ақ ұлпадан аршылғандай болды. Бірақ шеткі көшелердегі жағдай қаз қалпында. Ондағы қардың қашан күрелері белгісіз болғандықтан, жұртқа күн шығып еріп кетуін күтуден басқа амал жоқ. 

Айгүл Омарбекова, Тараз қаласының тұрғыны:

- Әкімшіліктерге осыны істеуге болады ғой. Жолды жөндеуге ең болмаса мектептердің алдын, аялдама, ауруханалардың алдын тазалап үлгеруге, халықтың жағдайын істеуге болады ғой. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.