{metadescription}
Еліміздің бірнеше облысында оқушылар жаппай сары ауруға шалдыққан
Еліміздің бірнеше облысында оқушылар жаппай сары ауруға шалдыққан

Еліміздің бірнеше облысында оқушылар жаппай сары ауруға шалдыққан

Шығыс Қазақстан облысының Шолпан ауылында 12 оқушы А гепатиті, яғни сары ауруға шалдыққан. Тура осындай дерт Қарағанды қаласындағы мектептердің бірінде үш оқушыдан да анықталып отыр.

Осыған байланысты Қарағандыдағы №58 орта мектебі бүгін бір күнге жұмысын тоқтатты. Өйткені құзырлы органдардың міндеттемесі бойынша мұнда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Мектеп басшылығының айтуынша, аталған ауру тоқсанаралық демалыстан келген 7-ші сынып оқушысынан анықталыпты. Аз уақыттан соң  сол  сыныптағы тағы бір оқушы ауырса, бірер күн бұрын 8-ші сынып оқушысы өзін жайсыз сезінген. Қазір үшеуі сары ауру диагнозымен ауруханада жатыр. Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы оқу орнында жұқпалы аурудың тарауына жол берген мектеп басшылығы жауапқа тартылады деп отыр.

Гүлжан Байқұтанова, Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті басшысының орынбасары:

Ауру бала анықталған сыныптағы оқушылардың басқа кабинеттерде жүріп-тұруларына шектеу қою керек еді. Бірден медициналық бақылауға алынуы тиіс болған. Бірақ бұлай жасалмаған. Сондықтан мектепке айыппұл салынуы мүмкін. Енді бұл сынып оқушыларына егу жұмыстарын жүргіземіз

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде