{metadescription}
Астанада әкімдікке алданған жұрт шу шығарды
Астанада әкімдікке алданған жұрт шу шығарды

Астанада әкімдікке алданған жұрт шу шығарды

Тұруға жарамсыз үйді, жарамды деп тапқан! Бүгін Астана шетінде орналасқан ескі үйдің тұрғындары әкімдікті осылай айыптады. Айтуларынша былтыр 5 қабатты үйді атқаменерлер сүріп тастап, орнына басқа пәтер береміз деген. Бірақ, енді мұнысынан айнып қалған көрінеді. Тіпті, әбден тозығы жеткен үйде әлі біраз жыл тұруға болады деген қорытынды шығарыпты. Енді Елордада тұрып, сусыз, жылусыз отырған халық қыстан қалай шығамыз деп алаңдап отыр.

Астананың шетіндегі 5 қабатты мына үй кезінде орталық жылу жүйесіне қосылған болатын. Бірақ, маңайындағы үйлердің барлығы сүріліп, жалғыз қалған соң одан ажыратылыпты. Сондықтан, тұрғындар пәтер ішіне пеш салып алып, көмірмен баспанасын өздері жылытып отыр. Төлтай Өтеулина солардың бірі.

ТӨЛТАЙ ӨТЕУЛИНА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Көмірді саламыз бірақ тартпайды. Білмеймін не істейтінімді осы пешті. Үйде осы қалпымызбен жатамыз осы қалпымызбен тұрамыз міне. Енді не істейміз өлеміз ба? Ал, от жақсаң қорқасың угар келіп өліп қалам ба деп?! Қайта-қайта тұрасың, қайта-қайта тұрасың.

Ал, от жақпайтындарға мүлдем қиын. Өйткені, азынаған пәтерін электр пешімен жылытуға мәжбүр. Сондықтан тоқ үшін төлейтін теңгелері ондаған мың. 

Қуаныш Молдабаев, Астана қаласының тұрғыны:

- Осы айға бізге 71 мың 600 теңге келді. Отопление электрический бізде. Өткен айдыкі 52 мың 680 теңге қарызымыз бар. –Общий қанша келіп тұр? –Общий 124 мың 290 теңге екі айға келіп тұр.

Жалпы, тұрғындары алаңдатқан жылу ғана емес. Мұнда ыстық суды қойып, екі күннің бірінде суық су жоқ. Үйдің де әбден тозығы жеткен.

-Мен 5-ші этажда тұрамын. Стенкалардың барлығы жарық-жарық. Түрлі нәрселерді арасына тығып-тығып тастадық. Жаңбыр болғанда ылғи су ағады. Сондықтан мен ылғи бәрін топить етем. Менде балалардың барлығы ауыру міне шындап келгенде.

Негізі «Өндіріс» ауданындағы өзге тұрғын үйлер ескірген соң, толық сүрілген. Тек, 5 қабатты осы үй ғана қалыпты. Аудандық әкімдік мұны да былтыр қиратып, тұрғындарды басқа пәтерге көшіреміз деп уәде еткен екен. Бірақ, енді мұнысынан айнып қалыпты. Тіпті, ескірген үйде жылу, ыстық су мен газға дейін барын айтып, тұруға жарымды деп тапқан.

-Мынаны жазған адамның ұяты бар ма? Беті бар ма? Қандай жылу? Қандай ыстық су? Қандай газ?

Енді ашулы жұрт қыстан қалай шығамыз деп қорқып отыр. Сондықтан әкімдік жылдамырақ үй мәселесін шешсе дейді. Бірақ, атқамінерлер бұған қатысты әзірге жауап қатқан жоқ.  

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.