{metadescription}
Ақтөбе облысында автобуста тірідей жанып кеткен адамдардың аты-жөндері белгілі болды
Ақтөбе облысында автобуста тірідей жанып кеткен адамдардың аты-жөндері белгілі болды

Ақтөбе облысында автобуста тірідей жанып кеткен адамдардың аты-жөндері белгілі болды

Ақтөбе облысында автобуста тірідей жанып кеткен адамдардың аты-жөндері белгілі болды. Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі әзірге 29 марқұмның есімдерін жариялаған. Ал қазақстандық тарап бұған байланысты жақ ашпай отыр. Әзірге өрттің шығуы мен жолаушылардың неден өлгенін анықтауға қатысты сот сараптамасы аяқталған.

Өлген адамдардың кім екенін жариялауда Өзбекстан тарапы жеделдік танытты. Әзірге 29 марқұмның есімі белгілі. Қалған 23 адамның кім екенін әлі анықтап жатыр. Ол үшін қай елдің ДНК сарапшыларына жүгінетіндері белгісіз. Ал автобуста кеше тірідей жанып кеткендердің дені ер азаматтар. Барлығы дерлік Наманган облысының тұрғындары екен. Ең жасы 19-да, үлкені 41-де. Өрттің шығу себебіне қатысты сот-медициналық сараптама қортындысы ғана әзір болған. Бірақ оны жариялау үкіметаралық комиссияның құзырында. Дегенмен, сарапшылар оқиға орнында және жолаушылардың неден өлгенін анықтауда жұмысымызды бітірдік деп отыр.

Назгүл Иманбаева, «Сот сараптама орталығы» РМҚК директорының орынбасары:

-Тергеу жүріп жатқан соң қорытындыны айта алмаймыз. Негізінен қаза болған адамдардың мүрдесі Ақтөбеге толық жеткізілді. Сарапшыларымыз түні бойы жұмыс істеді. Өзбекстандық әріптестер де осында. Өрттің шығу себебін анықтауға жергілікті орталықта барлық жағдай жасалған. Басқа өңірлерден мамандар шақырып әуреге түскен жоқпыз.   

Қазір еліміздің Ішкі істер министрлігі автобуста көз жұмғандарға қатысты көмек сұрап отыр. Өйткені қатты күйік шалған 23 адамның кім екенін анықтау үшін қандай да бір ақпарат білгендердің хабарласуын сұрайды. Шұғыл желінің телефондары экранымыздың төменгі жағында көрсетілген. Айта кетелік, кеше өртке оранған автобус жолаушыларды Өзбекстаннан Ресейдің Қазан қаласына жеткізуі тиіс болатын. Сондай-ақ бүгін ертемен Өзбекстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Рустам Джураев бастаған топ оқиға орнына аттанды. Көрші елден келген өкіметтік комиссия құрамында сол елдің Денсаулық сақтау, Ішкі және Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері бар. 

Тимур Рахимов, Өзбекстанның Қазақстандағы елшісінің кеңесшісі:

-Өзбекстан президентінің жарлығымен өкіметтік жұмыс тобы құрылып, төтенше жағдайлар жөніндегі министр осында жеткен еді. Себебі қайғылы оқиғаның себеп салдарын білу үшін. Тексеру жұмыстары шұғыл жүргізіліп жатыр. Қазақстан тарапының көмегімен қаза тапқандардың мәйіті мен зардап шеккендерді жеделдетіп елге жеткіземіз деп ойлаймын.

Түрлі алып-қашпа әңгіменің айтылатындай да жөні бар. Себебі соңына дейін ешқандайда ресми мәлімдеме таратылған жоқ. Тек үкіметаралық комиссияның өкілдері түн жарымында ғана брифинг ұйымдастырды. Оған төрт бірдей министрдің орынбасы келді. Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев оқиғаның қылмыстық іс емес екенін айтты. Оның сөзінше, от тұтанғанда жолаушылар уланып қалған. Олар көліктің екінші қабатында болыпты. Ал бірінші қабаты автобустың тиелген жүкке толы болған. Сондықтан сыртқа шығуға мүмкіндік болмапты.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер вице-министрі:

-Автобус жолдың үстінде тұр. Техникалық ақауы жоқ. Қылмыс белгілері анықталмады. Заттай айғақтар, аман қалған адамдардың жауаптары осыны дәлелдейді. Өрт алдымен автобус салонынан шыққан. Содан жолаушылар уланып, сыртқа дер кезінде шыға алмай қалған. Өрт шыққан кезде жүргізуші жолаушыларын құтқармақ болған. Бұл ешқандай да қылмыс емес, қайғылы жағдай

Өрттен аман қалғандардың денсаулығы жақсы. Ал мәйіттердің Өзбекстанға қашан жөнелтетіні белгісіз. Бірақ ол жаққа жеткізуді ақтөбелік билік өз мойнына алып отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде