{metadescription}
Қазақстанда Солтүстік Кореяның ядролық қаруына қатысты келіссөздер өтуі мүмкін
Қазақстанда Солтүстік Кореяның ядролық қаруына қатысты келіссөздер өтуі мүмкін

Қазақстанда Солтүстік Кореяның ядролық қаруына қатысты келіссөздер өтуі мүмкін

Қазақстанда Сириядан кейін енді Солтүстік Кореяның ядролық қаруына қатысты келіссөздер өтуі мүмкін. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Ауқымды баяндама жасаған Елбасы сонымен қатар бірнеше мемлекетті шарпыған соғыс өртін қалай өшіруге болатыны жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар ұйымына келіп сөз сөйлеуі, Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарына бір ай жетекшілік ететін Қазақстанның салмағын арттыра түскендей. Мемлекет басшысы бұл жолы да, әлемдегі күрмеуі қиын мәселелерді айтып қана қоймай, оның шешілу жолдарын да жіліктеп берді. Бірақ оның тек бір жолы бар. Ол дипломатия. Яғни шектен тыс амбицияны ысырып қойып келісімге келу.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Біз кеңестің күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге қатысты барынша белсенді, конструктивті және әділ болуға тырыстық. Ауғанстан, Талибан, Әл-Кайда, ДАИШ,Сомалидің төңірегіндегі комитеттерді басқара отырып,олардың жемісті қызмет етуіне өз үлесімізді қосып келеміз.

Осы Ауғанстан, Сирия, Таяу Шығыс пен тіпті Украинадағы қарулы қақтығысты тоқтатуға болады. Алайда, ірі державалардың жасырын геосаяси мүдделері мен бір-біріне деген сенімнің жоқтығы тығырыққа тіреп отыр. Осы жерде президент әскери одақтарға бөлініп, мемлекеттердің жарыса қарулана бастағанын жақсылыққа баламады. Мәселен, егер Иран мен Солтүстік Кореяны біржақты етпесек, қырып жоятын қару террористердің қолына өтіп кетуі мүмкін деген күдігін жасырған жоқ.

Бұл әзірге бар-жоғы ұсыныс қана. Бірақ Назарбаев Біріккен Ұлттар ұйымының мінберінен Сирия келіссөздерін өткізген сияқты арағайындық танытуға дайын екенін мәлімдеді. Алайда, бұл ушыққан проблема АҚШ, Ресей, Қытай секілді державалардың қатысуынсыз шешілмейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы вступаем за ядерной пятерки гарантия безопасности кндр как важное условие за Пхеньян за возвращение стол переговров. Казахстан готов принять посредническое участие готов предоставить площадку для переговоров при необходимисти.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.