{metadescription}
Атырау облысындағы ірі жол апатына қатысты жаңа дерек шықты
Атырау облысындағы ірі жол апатына қатысты жаңа дерек шықты

Атырау облысындағы ірі жол апатына қатысты жаңа дерек шықты

Атырау облысындағы 5 адамның өмірін жалмаған жол апатына кінәлі болуы мүмкін деген күдікпен екінші көліктің жүргізушісі тура емдеу орнында қамауға алынды. 49 жастағы азамат қазір Атырау облыстық ауруханасының арнайы палатасында тергеушілерге жауап беруде. Оған қатысты қылмыстық кодекстің «екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы» бабы бойынша іс қозғалған.

Бекболат Камалов, Атырау облысының штаттан тыс бас травматологы:

-Ол кісінің аяқ сүйектері, оң аяғының сүйектері сынған, бел омыртқаларының айналасы соғылған диагнозбен жатыр, қазіргі уақытта ішкі істер қызметкерлерінің бақылауымен арнайы палатада ем алып жатыр. Жақсарып келе жатыр, амандық болса алдағы аптаның ішінде үйлеріне шығаруға келеді.

Сондай-ақ жүргізушінің әйелі мен 18 жастағы қызы да травматология бөлімінде жатыр. 50 жастағы азаматшаның жамбасы сынып, ота жасалған. Ал, қыз баланың беломыртқасына зақым келсе, көлік жүргізушісінің 20 жастағы ұлы айтарлықтай зардап шеккен. Ми жарақатын алып, ота жасалған ол нейрохирургия бөлімшесінде жатыр. Ерлі-зайыптылардың 10 жастағы тағы бір баласы да басынан зақым алған. Қазіргі жағдайы жақсы.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты 14-ші қаңтар күні Атырау-Астрахань тас жолында болған еді. Атыраудан  келе жатқан Ваз маркалы жеңіл көлік облыс орталығын бетке алған Хюндай акцентпен бетпе-бет соқтығысқан. Өкінішке қарай, ресейлік көлікте отырған 5 адам оқиға орнында жан тапсырды. Болжам бойынша, акцент жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.