{metadescription}
Қазақстанда Солтүстік Кореяның ядролық қаруына қатысты келіссөздер өтуі мүмкін
Қазақстанда Солтүстік Кореяның ядролық қаруына қатысты келіссөздер өтуі мүмкін

Қазақстанда Солтүстік Кореяның ядролық қаруына қатысты келіссөздер өтуі мүмкін

Қазақстанда Сириядан кейін енді Солтүстік Кореяның ядролық қаруына қатысты келіссөздер өтуі мүмкін. Нью-Йорктегі  Біріккен Ұлттар ұйымының бас кеңсесінде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев әлемге арағайындық танытуға дайын екенін айтып, осындай ұсыныс тастады. Елбасы сонымен қатар бірнеше мемлекетті шарпыған соғыс өртін қалай өшіруге болатыны жөнінде өз ойларын ортаға салды. Президент тағы не айтты?

Дүниежүзіндегі қарулы қақтығыстарға төрелік айтатын осы жер. Аузын айға білеген Біріккен Ұлттар ұйымы дүниенің кез-келген бұрышында тұтанған отты өшіруге қауқары жеткенше тырысып жүр. Енді бұл іске Қазақстан да кірісті. Ал қауіпсіздік кеңесінің отырысына арнайы келіп қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолы да күрмеуі қиын мәселелерді айтып қана қоймай, оның шешілу жолдарын жіліктеп берді. Бірақ оның жалғыз жолы бар. Қаруды қойып дипломатия тәсіліне көшу.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Біз кеңестің күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге қатысты барынша белсенді, конструктивті және әділ болуға тырыстық. Ауғанстан, Талибан, Әл-Кайда, ДАИШ, Сомалидің төңірегіндегі комитеттерді басқара отырып, олардың жемісті қызмет етуіне өз үлесімізді қосып келеміз.

Осы Ауғанстан, Сирия, Таяу Шығыс пен тіпті Украинадағы қарулы қақтығысты тоқтатуға болады. Алайда, ірі державалардың жасырын геосаяси мүдделері мен бір-біріне деген сенімнің жоқтығы келіссөздерді тығырыққа тіреп отыр. Осы жерде президент әскери одақтарға бөлініп, дүниежүзінің  жарыса қарулана бастағанын жақсылыққа баламады. Мәселен, егер Иран мен Солтүстік Кореяны біржақты етпесе, қырып жоятын қару террористердің қолына өтіп кетуі мүмкін деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан, Республикасының президенті:

-Мы вступаем за ядерной пятерки гарантия безопасности КНДР как важное условие за Пхеньян, за возвращение стол переговров. Казахстан готов принять посредническое участие, готов предоставить площадку для переговоров при необходимисти.

Бұл әзірге ұсыныс қана. Басқалардың не дейтіні белгісіз. Әйтсе де Сирия келіссөздері секілді, Пхеняньның мәселесі АҚШ, Ресей, Қытай секілді державалардың қатысуынсыз шешілмесі анық. Бірақ келіссөз үстеліне отырудың орнына тараптар әлі бір бірімен қырғи қабақ.

Енді ресми Астана Қауіпсіздік кеңесінің уақытша жетекшісі ретінде Иран мен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын біржақты етуге мейлінше күш салмақ. Осы жерде Қазақстан президенті қырып жоятын қаруға құмар мемлекеттерге Қазақстаннан үлгі алуға шақырып, отпен онамауға кеңес берді.

Кеше

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде