{metadescription}
Семейді қыспаққа алған сарышұнақ аяз жұртты әуре-сарсаңға салуда
Семейді қыспаққа алған сарышұнақ аяз жұртты әуре-сарсаңға салуда

Семейді қыспаққа алған сарышұнақ аяз жұртты әуре-сарсаңға салуда

Мұнда, ауа райы күндіздің өзінеде 30 градус суықты көрсетіп тұр. Соның салдарынан, тұрғындарға аялдамада емін-еркін тұрып автобус күтудің өзі мүмкін емес екен. Ал, бұны ескерген кейбір дүкен иелері, жаурап қалған жұртты ішіне кіргізіп жылындырып тегін шәй таратып жатыр.

Қазір аялдама қасында орналасқан дүкендер есіктеріне тұрғындарды ыстық шәй ішуге шақыратын хабарланырулар да іліп қойған. Ал олардың айтуынша, үш күннен бері онда бой жылту үшін кіретін жұрттың қарасы да молайған көрінеді. Оған себеп, қақаған аязда қала ішіндегі қоғамдық көліктердің қатары тым сиреп кетіпті. Тіпті, кейбір тұрғындар бағытына жету үшін оны екі сағат бойы күтуге мәжбүр екен. Енді семейліктер тегін шай таратып жақтан дүкен қожайындарының қайырымдылық ісіне дән риза.

Сәуле Әлиева, Семей қаласының тұрғыны:

-Осы жақсылықтар жалғаса берсін. Мұндай қатты аязда осындай жылы шай беретін, бұл керемет әрекет деп ойлаймын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде