{metadescription}
Елімізде қатты аяздан үсіп қалғандар көбейген
Елімізде қатты аяздан үсіп қалғандар көбейген

Елімізде қатты аяздан үсіп қалғандар көбейген

Аяздан зардап шеккендер саны артып келеді. Республика бойынша 200 ден астам адам үсік шалып дәрігер көмегіне жүгінген. Оның жетпісі аураханаға жатқызылыпты.

Ал суықтың беті қайтар емес. Керісінше күн өткен сайын салқындап, желдің жылдамдығы күшейуде. Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда дауылды ескерту жарияланса, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда температура минус 45 тен түспей тұр. Ал Алматы облысында бірнеше жылдан бері алғашқы рет сабақ тоқтатылды. Мамандар бұл тек басы дейді. Аяздың көкесі аптасы соңында сезіледі екен.

Солтүстік мұзды мұхиттан асып келген суық антициклон Қазақстанды әбден әбігерге салды. Ауа температурасы күр төмендеп еліміздің түкпір-түкпірінде аяздан зардап шеккендер артқан. Денсаулық сақтау министрлігі 223 адамды үсік шалды деп ресми мәлімет таратты. Оның 73 аурухаға жатқызылған екен.

Тұрғындары ең көп зардап шеккен Қарағанды облысы. 87 адам. Оның 15-і емханаға жатқызылды. Шығыс Қазақстанда 54 адамды үсік шалыпты. 27-сінің жағдайы ауыр. Павлодарда 26 Астанада 20 адам дәрігер көмегіне жүгінсе, 11-і төсек тартқан. Ақмола, Қостанайда -9 дан, Атырау, Батыс Қазақстанда, 5 адамнан жаурап қалыпты. Зардап шеккендер Солтүстік Қазақстан, Қызылорда Алматы облысында да бар.

Суықтан тіпті алыс жолға шығатын қоғамдық көліктер кейінге шегеріліп, адамдар жолдарынан қалып жатыр. Ал Алматыда төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындарды тауға шықпауға шақырып, бекеттерде есерту парақшаларын таратып жүр. Биіктеген сайын температура төмендей береді деген құтқарушылар қар көшкіні жүру қауіпін де жоққа шығармады. Бірақ мамандардың ескертуін елеп жатқандар шамады.

Сергей Токунов, Кезекшілік бөлім басшысы:

-Температураның төмендеуіне байланысты тауға қазір мүлдем шықпаған дұрыс. Өте қауіпті. Қардың астында қалуы немесе үсіп қалуыңыз мүмкін. Алайда біздің дабылға мән бермей кететіндер бар. Экстрималдар, табиғатты қатты сүйетіндерге ауа-райы қалыпқа келгенше шыдай тұрыңдар дейміз.

Солтүстіктегі сабақтардың жаппай тоқтатылуы Алматы облысына да жетті. Жетісу өңірінде бірнеше жылда алғаш рет бүгін бірінші және төртінші сынып аралағындағы оқушылар сабаққа жіберілген жоқ. Бұл аймақта температура минус 27 ге жеткен. Ал желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына отыз метрден асып кетіпті.

Айгүл Алдамбергенова, жетекші маман:

-Алдымыздағы үш күнде Қазақстан суық антициклонның ықпалында болады. Сонымен байланысты аязды күндер сақталады. Тек еліміздің батысында Иран, қара теңізден келетін жылы ауаға байланысты нормадан 3-5 градуықа жоғары болады.

Ал еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде температура минус 45 градустан түспей тұр. Күндіздің өзінде термометр 32 ні көрсетуде.

Бұл тек аяздың басы деген мамандар ең суық ауа-райы аптаның аяғында тіркеледі деп отыр. Бірақ қыстың қаһары бұнымен бітпек емес. Келесі аптаның басында сәл жылынып, кейін қайта қысуы мүмкін. 

Кеше

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде