{metadescription}
Елімізде ескертуді елемегендер жолда қалып жатыр
Елімізде ескертуді елемегендер жолда қалып жатыр

Елімізде ескертуді елемегендер жолда қалып жатыр

Аяздың күшеюінен ел аумағында дауылды ескерту жарияланды. Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлері 45 градустық қытымыр аяздың қыспағында қалайын деп тұр. Ал ауа-райының осындай қатаң мінезіне мән бермей жолға шыққандар далада қалып жатыр.

-Апта бойы жалғасады делінген бұл жолғы аяздың беті қатты. Үсіп-тоңып ауруханаға түскендер Астанада жетіп-артылады. Аяз әсерінен батыстан басқа өңірлердің барлығында дауылды ескерту жарияланды. Қатты суық 10 облысты қамтиын деп отыр.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстары аумағында сынап бағаны минус 45-ке дейін сырғиды деп күтілуде. Ал Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ауа температурасы минус 35-ке дейін түсуі мүмкін. Елорданың жағдайы да одан кем түспей тұр.

Еліміздің төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды алыс жолдарға шықпауға үндесе де күтпеген жәйттар кездесіп жатыр. Мәселен, кеше түнде Екатеринбург – Шымкент бағытында жолға шыққан жолаушылар толы автобус Көкшетаудың маңында тоқтап қалған. Ішіндегі еліне қайтып бара жатқан 22 Өзбекстан азаматы дін аман. Ал бүгін таңғы сағат 6-лар шамасында Ақмола облысында Қырғызстан азаматтары бар рейстік жолаушылар автобусы бұзылған. Қатты суықтан көлік қатып қалыпты.

Руслан Иманқұлов, ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

-Салонда 21 жолаушы болды. Зардап шеккендер жоқ. Астрахан аудандық төтенше жағдайлар қызметкерлері аудандық әкімдіктің өкілдерімен бірігіп, жедел қызмет көрсетті. Қазір автобус жолаушылары жылыту пункттерінде.

Ал ертең Алматыда аяздың кесірінен неше жылдан бері алғаш рет негізгі сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Сонымен бірге, БТА банктің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты соттың кезекті отырысы өтпей қалды. Қара суықтың кесірінен оларды сот залына жеткізе алмапты.

- «Қазгидрометтің» хабарына сенсек, алдағы жексенбіге дейін шыдауымызды сұрайды. Суық ауа қаңтардың 28-іне дейін еліміздің бар аймағында дерлік сақталады. Болжам бойынша тек Ақтауда ғана ауа температурасы алдағы екі күн қатарынан плюске шығып тұр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде