{metadescription}
Астанада қақаған қыста үйі өртенген отбасы елден көмек сұрады
Астанада қақаған қыста үйі өртенген отбасы елден көмек сұрады

Астанада қақаған қыста үйі өртенген отбасы елден көмек сұрады

Астана іргесінде бүтіндей бір отбасы  қақаған аязда далада қалды.  Өйткені, түн жарымда пештен шыққан тілсіз жау, жер үйді күл талқан еткен. Әрі газ баллоны жарылып, отбасы баспанасынан ғана емес, құжаттарынан да айырылған. Енді Мырзалиевтер жанұясы әзірше көршілерін паналауға мәжбүр. Олар елдің жәрдеміне зәру. Сәбина Мәдиқызы дымсыз қалған шаңырақтың қазіргі жағдайымен танысып келді.

Бұл Қараөткел ауылындағы үйдің өртеніп жатқан сәті. Астанадан 20 шақырымда орналасқандықтан өрт сөндірушілер кеш жеткен дейді куәгерлер. Сондықтан күш алған қызыл жалынды ауыздықтау оңай болмаған.

-Оқыс оқиға түнде орын болды. Бейқам ұйқыда жатқан отбасы бірден балаларын алып, далаға атып шыққан. Тілсіз жау әп-сәтте баспананың түгін қалдырмады.

Ал, бұл үйдің қожайыны - Алмат Мырзалиев. Өртенген баспанасын аралап жүрегі ауырып жүр. Бірақ, сау қалған бір зат жоқ. Дүние-мүліктен бастап құжатқа дейін толығымен жанып кеткен. Тек, күлдің арасынан шыққан мына фотоның жартысы ғана қалыпты.

Негізі төрт бөлмелі үйде бес адам тұрған екен. Күйеуі мен әйелі және 16, 12 мен 6 жастағы   үш  жасөспірім ұлдары бар. Енді үйсіз қалған отбасы қазір көршілерімен бірге тұрып жатыр.  Ал,  отағасының айтуынша, тілсіз жау үйді небары бір сағаттың ішінде тып-типыл еткен. Өйткені пештен шыққан өрт, газ балондарына жетіп жарылған. Сол үшін қызыл жалын бірден күш алғандықтан, құжаттарды қойып, ұлдарымды әрең құтқардым дейді Алмат.

Алмат Мирзалиев, үй иесі:

Түнгі 3-тің кезі. Анау печканың тарсылдап, қайнағанын оянғам. Содан тұрып қарасам, шатырдың жанып жатқанын көріп, қатты жанып жатқанын  сөндіре алмайитынымды біліп,  балаларды ұйқыдан оятып, бар ойым аман алып шығу балаларым ды болды.

Қақаған аязда үйсіз қалған отбасыға қазір қайырымды жандар көмек көрсетіп жатыр. Көрпе жастық, азық-түлік пен киім-кешек жеткізуде. Ауыл әкімдігі де бұл жанұяны далада қалдырмаймыз дейді.

Мэлс Жұмабаев, Қараөткел ауылдық округінің әкімі:

Қазіргі таңда әкімшіліктің  тарапынан барлық қолдан келетін көмектердің бәрі көрсетіледі. Ең бірінші мәселе төл құжаттарын қайтадан қалпына келтіру, Екіншіден тұрақты тұратын тұрғылықты орындары.  Сол кісіге  арнайы берген  өз атымнан берген 3 бөлмелі. Оған қсоа, қазіргі таңда ол кісілерге көмірмен көмектесеміз.

Әзірге Мырзалиевтар отбасының құжаттары қайта жасалып, көмек жеткенше көршілерін паналай бермек. Ал, баспанасынан айырылған жанұяға жәрдемдесем деушілер болса, экранда көрсетілген нөмірге қоңырау шалуға болады.

+7 (701) 148 25 53

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде