{metadescription}
Ауғанстанда қапыда қаза тапқан жерлесіміздің туыстары алаяқтарға алданып қалды
Ауғанстанда қапыда қаза тапқан жерлесіміздің туыстары алаяқтарға алданып қалды

Ауғанстанда қапыда қаза тапқан жерлесіміздің туыстары алаяқтарға алданып қалды

Марқұмның мәйітін елге жеткізіп береміз деп уағдаласқан екі ер адам елден жиналған ақшаны алып, ізін суытқан. 

Алаяқтарға алданғанын қаралы отбасы кейіннен бір-ақ білген. Өздерін тасымалдаушы компания өкілдері деп таныстырған Рустам және Әділжан Исмаилходжиев дегендер Ерлан Жанпейісовтың денесін 24-і түнде Алматыдан Кабулға ұшып барып, 26-сы таңатпастан Астана әуежайына жеткіземіз деген екен. Ұлдарымен түйедей құрдас бұл екеуден марқұмның туыстары еш күдіктенбеген. Сондықтан, құжаттарын да сұрамапты. Ел-жұрттан көмек ретінде жиналған 500 мың теңгені қолдарына сеніп берген. Десе де, елдің ақшасы болғаң соң "ертең есебін береміз" деп тілдей қолхат алып қалған. Ал жарты миллион теңгені қалтаға басқандар артынша телефондарын сөндіріп, ізім-қайым жоғалыпты. Кейін сұрастыра келе, әуежайдағылар ондай компания өкілдерінің жоқтығын айтқан. Марқұмды жеткізуі тиіс "Алматы-Кабул-Астана" рейсі де атымен жоқ боп шығыпты. Қазір қаралы отбасыны оп-оңай алдап кеткендерді полиция жер-көктен іздестіріп жатыр. Әзірге белгілісі, екеуі де - Алматы тұрғыны. Ал марқұмның денесі жақын күндері мемлекет есебінен жеткізілетін болды. Естеріңізге салсақ, Ауғанстанға іс-сапармен барған Ерлан Жанпейісов содырлардың қонақ үйге шабуылы кезінде қапыда қаза тапқан болатын.

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.