{metadescription}
Күллі елді қыспаққа алған аяздың беті қайта бастады
Күллі елді қыспаққа алған аяздың беті қайта бастады

Күллі елді қыспаққа алған аяздың беті қайта бастады

Осы бүкіл республиканы қыспаққа алған сақылдаған сары шұнақ аяздың беті қайта бастады. Қазақстандықтарды бүрсеңдетіп жіберген суық ауа райын енді жылы күндер алмастырмақ.

Бүгіннен бастап ауа  температурасы  біртіндеп жоғарылап, апта соңына дейін суық циклон ығысуы керек. Қазгидромет қаңтардың  29 мен 31 аралығына мынадай болжам жасап отыр.

Солтүстікте аяз күндіз 25-30 дан минус 10-15 градусқа дейін сынса, түнде 45 ке дейін барған жерелер енді минус 22-27 ні  көрсетеді. Ақмола облысы да солай. Күндіз минус 12-17, түнде 23-28 аралығында.  Қарағанды мен Шығыс Қазақстанда және Алматы облысында сәрсенбі сәл суығырақ болмақ. Күндіз минус 20,  түнде отыздың төңірегінде. Қызылорда мен Жамбыл облысында  күндіз минус 5-10, түнде 20-25. Астанада күндіз 14-17, түнде 25 градус суық. Алматыда бүгін 17-19 болғанмен сәрсенбіде минус 5-7 градусқа дейін жоғарлайды. Түнде 17-19.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.