{metadescription}
Алматыда көгілдір отынмен жылытатын үйлердің тұрғындары да тоңып отыр
Алматыда көгілдір отынмен жылытатын үйлердің тұрғындары да тоңып отыр

Алматыда көгілдір отынмен жылытатын үйлердің тұрғындары да тоңып отыр

Алматыдағы Қарғалы ауылының тұрғындары бір аптадан бері жылусыз. Газ қысымының жоқтығынан жұртшылық үйде жаурап, қалай жылынарын білмей әлек. Ал, газға жауапты «Тәуекел» мекемесі аяз қайтпайынша жағдай реттелмейтінін айтады. Тақырыпты тараптар пікірін тыңдап қайтқан тілшіміз Асқарбек Қазанғап тарқатсын.

Жанды деген аты болмаса, сығырайған газдан қайыр болмай тұр. Шәйнекті екі сағатта қайнататын көгілдір отынның бөлмені жылытуға қауқары жоқ.  Қарғалы ауылындағылардың үйі бір аптадан бері суықтан азынған. Бүрсең қаққан балалар мен ересектер бір бөлмеге тығылып, тоқ жылытқыштың жанынан кетпейтін күйге жеткен.

Гүлшат Тоқтасын, Қарғалы ауылының тұрғыны:

-Басқа бөлмеге шығуға мүмкіндік жоқ. Қалың киініп  жатамыз. Үйімізді тастай алмаймыз. Жарылып кетеді деп көршілер қорқытып жатыр.

Қалтыратқан қаңтардың аязбен қысқан мұндай қаһарын көпшілік көрмегелі көп болғанын айтады. Жайлы қысқа үйреніп, жағасы жайлауда жүрген «Тәуекел» мекемесі қысылтаяң кезде ешқандай шара қолданбағанына жұртшылық наразы.

Фарида Бестерекова, Қарғалы ауылының тұрғыны

- Тамақ істейтін газ да болмай жатыр.

Жанна Ибрагимова, Қарғалы ауылының тұрғыны

-Айына 17-20 мың теңге төлейміз. Газ жоқ. Қысым жоқ. Сонда төменгі ауылдарда газ бар. Бірақ бізге жетпейді.

Газ қысымының жоқтығы, тұрғындардың «қысымын» көтерді. Ұлардай шулағандардың базынасын тыңдауға «Тәуекел» мекемесінің басшысы да келді. Болған жайға кінәлі аяз, бізден кеткен кінәрат жоқ деп қарап отыр.

Талғат Қалиақпаров, «Тәуекел» ЖШС директоры:

-Өздері от жағуына болады ғой. Өйткені, әркімнің пеші әртүрлі. Ауа райы жылынсын сонда болады газ.       

-Сарышұнақ аяз кеткеннен кейін ғана тұрғындар газдан тарықпайды. Көгілдір отынға жауапты мекеменің жауабы осы болды. Әзірге қолдарынан келер қайран жоқ. Қарғалы ауылының адамдарына, сондықтан аяздың сынғанын күтуге тура келіп тұр. Дәл қазір ауа температурасы -20. Синоптиктердің айтуынша, аяз осы апта қайтады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде