{metadescription}
Кабулде жанкешті өзін жарып жіберді
Кабулде жанкешті өзін жарып жіберді

Кабулде жанкешті өзін жарып жіберді

Кабулда тағы лаңкестік әрекет. Бұл жолы қаскөйлер маршал Мұхаммад Қасым Фахим атындағы әскери академияға шабуыл жасады. 5 жанкешті сырттағы өткізу бекетінен әрі аса алмаған. Атыс кезінде олардың үшеуі өліп, біреуі қолға түсті.

Тағы бірі ғимарат ішінде жасырынып жүр екен. Ауғанстанның күш құрылымдары оның ізіне түскен. Қазір қаза тапқандар мен жараланғандардың саны нақтыланып жатыр. Айта кетсек, бұл осы айдағы үшінші лаңкестік шабуыл. Бұған дейін 20-шы қаңтарда бүлікшілер ауған астанасындағы қонақүйлердің біріне басып кіріп, атыс кезінде отандасымыз Ерлан Жанпейісов оққа ұшқан. Араға апта салып, сенбіде Кабулдың дипломатиялық ауданында жедел жәрдем көлігі жарылды. Ондаған адам өліп, 158-і жараланғанған. Ал соңғы шабуылға қатысты мәлімдеме жасаған еліміздің Сыртқы істер министрлігі жапа шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін айтады.

-Қазақстан 2018 жылғы 27 қаңтарда Қабыл қаласындағы дипломатиялық аумағында болған  адамгершілікке жатпайтын, салдарынан ондаған бейбіт адамдар қаза болған, террористік әрекетті қатаң айыптайды. Жедел жәрдем көлігін қылмыстық мақсатқа пайдалану – аса жан түршігерлік, арсыз және зұлымдық əрекет.

ҚР СІМ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.