{metadescription}
Головкиннің кезекті жекпе-жегі мамыр айында өтетін болды
Головкиннің кезекті жекпе-жегі мамыр айында өтетін болды

Головкиннің кезекті жекпе-жегі мамыр айында өтетін болды

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің екінші жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды. Тараптар ресми түрде келсім шарт жасаған соң, датасын да жариялады. 

Сонымен қос мықтының кезекті шайқасы 5 мамырда өтеді. Ұйымдастырушылар бұл күнді бекер таңдамаған. Мексикалықтардың ұлттық мейрамы екен. Сондықтан осы күні ақылы көрсетілім көп көрермен жинайды деп топшалаған болуы керек. Алайда Головкин мен Альварестің төбелесі өтетін қала әлі белгісіз. Үміткер шаһарлардың көшін Нью-Йорк, Лас-Вегас, Даллас бастап тұр. Екінші жекпе-жекке  орта салмақтағы әлем чемпионы Гена барлық белбеулерін тігеді. Ал Алварес ұтылса  бір журналдың берген дәрежесі мен орта салмақ чемпионы деген атағынан айырылуы мүмкін. Бұл кездесуге қатысты Головкин алдын ала мәлімдеме де жасап үлерді. «Ол күллі әлем күтіп отырған жекпе-жекте жанымды салам. Шаршы алаңнан чемпион болып қана шығап» деп отыр. Естеріңізге сала кетейік, екі алыптың алғашқы айқасы былтыр 17-қыркүйекте Лас Вегаста өткен. 12 рауд бойы жалғасқан кездесу қорытындысы бойынша төрешілер екі боксшы тең түсті деген шешім шығарды. Жеңілуді білмейтін Головкин үшін бұл алғашқы тең нәтиже. Гена 37 рет алаңға шығып, оның 33-інде қарсыластарын нокаутпен ұтқан. Ал Альварес 49 жекпе-жек өткізсе. Соның 34 -ін уақытынан бұрын аяқтап, екі рет тең түсіп, бір рет қарсыласына есе жіберген. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.