{metadescription}
Қаратау қаласында бүтін бір отбасы тірідей жанып кете жаздады
Қаратау қаласында бүтін бір отбасы тірідей жанып кете жаздады

Қаратау қаласында бүтін бір отбасы тірідей жанып кете жаздады

Құдай сақтап, келіншек бес баласы мен енесін дер кезінде далаға шығарып үлгерген. Ал тілсіз жау дүние-мүлікті күлге айналдырып, баспананы да түкке жарамсыз етіпті. Енді үй өртеніп, қыстың көзі қырауда далада тентіреп қалғандар жомарт жандардан жәрдем сұрап отыр. 

Тілсіз жау күндізгі 11-лер шамасында тұтанған. Гүлбану Нұрсейітова әлсіз жанып жатқан газ баллонының басындағы редукторды қозғаймын деп оны түсіріп алады. Салдарынан от жанып жатқан пешке қарай екпінмен көгілдір отын атқылап, бірден алапат өрт болған. Өзі де күйіп қала жаздапты. Ол үш баласы мен енесін дереу далаға сүйреп шыққанымен, 10 жастағы қызы мен бес айлық сәбиі үйде қалып қойған. 

Ермек Тамабаева, Қаратау қаласының тұрғыны:

-Кішкентай немерем мен 4-ші сыныпта оқитын мына немерем қалып кетіп, Нұрдәулет деген 8 оқитын балам алып шықты. Терезені сындырып келінім 4 оқитын немеремді алып шықты. Осындай жағдай болады деп ойлаппын ба?

Көрші-қолаң жұмыла өртті өздері сөндірмек болғанымен, түк нәтиже шықпаған. Төтеншеліктер келгеннің өзінде  баспананы тілсіз жаудан арашалап қала алмады. Бес бөлмелі үй дүние-мүлкімен қоса түгі қалмай жанып кеткен. Өрт болған кезде Астанаға нәпақа іздеп кеткен отағасы Дархан Жұмабековтың тұрақты жұмысы жоқ. Сондықтан балаға берілетін жөргек пұл мен шешесінің зейнетақысына күндері қарап отыр. Тұрмысы төмен отбасының пәтер жалдап тұруға да шамасы жетпейді.  Әзірге қақаған қыста қаңғып қалған жанұяға жақындары жәрдем беруде. Бірақ бұл жеткіліксіз. Сондықтан олар қайырымды жандардан көмек күтеді.   

Дархан Жұмабеков, Қаратау қаласының тұрғыны:

- Ешкімнің басына бермесін мұндайды.  Үй сұраймын, барлықтарыңыздан көмек сұраймын.

Болған жағдайға жергілікті билік қанық. Ақжағалылар әзірге қиыншылыққа тап болған отбасының жайын біліп кетумен ғана шектелген.  Шенеуніктер Дархан Жұмабековке баспаналы болу үшін тиісті құжаттарды жинауға ғана кеңес берген. 

Қиын жағдайда қалған отбасыға көмек көрсетемін деушілерге:

+7 775 188 15 49 – Гүлбану Нұрсейітова

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде