{metadescription}
Басынан дау арылмаған «Туристік қамқор» жабылып тынуы мүмкін
Басынан дау арылмаған «Туристік қамқор» жабылып тынуы мүмкін

Басынан дау арылмаған «Туристік қамқор» жабылып тынуы мүмкін

Мәжілісмендер «сақтандыру туралы» заңға өзгерістер енсе, қордың қажет болмай қалатынын айтып отыр. Өйткені, жаңа құжатқа сай, демалуға шығатын әр турист қауіпсіздігін өз қалтасынан қамтамасыз ететін болады. Сөйтіп, оқыс жағдай бола қалса, қорға емес, бірден сол сақтандыру полисінің қызметіне жүгінуі тиіс.

 «Сақтандыру туралы» мыңдаған туристің құқығын қорғауы тиіс құжат қазір Мәжілісте қызу талқыланып жатыр. Оған сай, шетелге шығарда демалысты міндетті түрде сақтандыру қарастырылған. Қауіпсіз саяхаттың бір күні 350 теңге. Бұл ақшаға теңіз жағасында демалуды жақсы көретін жерлестеріміз жеке мүлкінен бастап, өміріне дейін сақтандырмақ. Егер заң қабылданып жатса, шетелде тентіреген туристердің елге қайтаруға жауапты қор қажет болмай қалады.

СЕРГЕЙ СИМОНОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:

-Тур операторлар тек сақтандыру компаниялары мен ғана жұмыс істейтін болады. Сондықтан «Туристік қамқор» қажет болмай қалатын шығар. Бірақ, бұл жағы әлі түсініксіз.

Ал, заң жобасын әзірлеген Ұлттық банктің пікірі басқа. Айтуларынша, екі жыл бұрын құрылған «Туристік қамқордың» негізгі міндетін халық қалаулылары түсініп отырған жоқ. Айтуларынша, қордың сақтандыруға мүлдем қатысы жоқ.

ЖАНАТ ҚҰРМАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-«Туристік қамқор» шетелде табиғи апат секілді төтенше жағдай болып, туристерді шұғыл елге қайтару керек болған кезде ғана көмекке келеді. Ал, сақтандыру ол бөлек. Яғни, демалыстағы отандасымыз сырқаттанып немесе өзге де келеңсіз жағдайға тап болған кезде қажет.

Жалпы, заңда сақтандыру қызметіне енгізілетін жаңалығы көп. Мәселен, құжат қабылданса, тұрғындар кез-келген сақтандыруды үйден шықпай-ақ интернет арқылы сатып алуына болады. Мәселен, автокөліктің сақтандыруын онлайн алуға мүмкіндік болмақ.  Әрі полисті енді қағаз күйінде тасудың қажеті болмай қалуы мүмкін.

ЖАНАТ ҚҰРМАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-Қазір жүргізушілер міндетті түрде сақтандыруды өзімен алып жүреді. Енді мұндай артық қағаз тасудың қажеті болмай қалады. Өйткені, жол полициясы сақтандырудың бар жоғын өзі базадан көріп алады.

-Сондай-ақ, Үкімет ел азаматтары шетелге тур оператордың көмегінсіз өз еркімен барса да, сақтандыру алуға міндеттеуді ойлап отыр. Әрі жаңа ережеде сақтандыру құнын азайту мәселесі де қарастырылған. Бірақ, мұның бәрі әзірге құжат күйінде.

Кеше

15 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.