{metadescription}
Алматылық жігіт қыз боп киініп сұлулық байқауына не үшін қатысқанын түсіндірді
Алматылық жігіт қыз боп киініп сұлулық байқауына не үшін қатысқанын түсіндірді

Алматылық жігіт қыз боп киініп сұлулық байқауына не үшін қатысқанын түсіндірді

Шымкенттің ең сұлу қызы жігіт боп шықты! 22 жастағы Илай Дягилев республикалық сұлулар байқауында финалға өтіп, күллі елді шалқасынан түсірді. Сайысқа Арина Әлиеваны боп қатысқан ұлды ұйымдастырушылар да, тіпті оған жабылып дауыс берген шымкенттіктер де білмей қалған. Керісінше, талай жігіт құлай ғашық боп, сезімін білдіріпті. Ал бет бояудың көмегімен сұлулық байқауының тас-талқанын шығарған жігіт «көпшілікке сабақ болсын» деп осы әрекетке бардым дейді.      

Қазақстан аруы атана жаздаған, міне, осы жігіт. Илай Дягилев бетін әрлеп, жасанды шаш киіп байқауға әдейі қатысыпты. Ал оған түркі болған қыздардың өздері екен. Бойжеткендердің өз сұлулығын ысырып қойып, бетіне бес қабат бояу жағып жүруі жігіттің әбден жанына батқан.  

Илай Дягилев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Қазіргі біздің қыздар дүкенге шығарда олар бояна бастайды. Олар бояусыз шықпайды ешқайда. Біз ұмыта бастаймыз олардың сұлулылығын қандай олар болады өмірде. Менің пікірімше, табиғи әдемілілігін көрсету керек.

Осылайша, табиғи әдемілілікті аңсаған жігіт "Miss Virtual Kazakhstan" байқауынан бір-ақ шыққан. Ал сайысқа ол Шымкент қаласының қызы Арина Әлиева боп қатысқан. «Жерлестері» үш мың қыздың ішінен таңдап, оған дауыс беріпті. Сайыстың өзі әлеуметтік желіде өткендіктен, оның болмысын ешкім байқамаған. Керісінше, жігіттер шетінен құлай ғашық боп, «маған тұрмысқа шық» деген 400-ден астам хат жолдаған екен.       

Илай Дягилев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Көп адамдар оған жазды «мен сені сүйемін», «о, сен богинясың» деп. Әрине, ол өте өкінішті, осы біздің еліміз осындай қыздарды таңдағаны үшін.

Шымкент аруы атанған Илай финалға жолдама алған. Оның «өтірігі» осы кезде ашылып қалды. Өйткені, ұйымдастырушылар құжатын сұратқан. Байқауларының сұлулық емес, боянғандардың бәйгесі боп шыққанын білген бойда жігітті шығарып жіберіп, титулды басқа қызға бере салды.    

-«Назар аударыңыздар! "Miss Virtual Kazakhstan-2018" ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы атынан қатысқан Арина Әлиева өзі туралы жалған мәлімет бергені үшін байқаудан шығарылды. Оның титулы мен финалдағы орны 1975 дауыс жинаған Әйкерім Темірхановаға берілді.»

Осылайша, Илай сұлулық байқауының нағыз сұрқын көрсетті. Осы оқиғадан соң оған талай қыз-келіншек реніштерін жеткізіпті. Десе де, ару атағын оп-оңай жеңіп алған жігіт бетінде бір бояуы жоқ «Қыз Жібектердің» образы қайта айналып келсе дейді.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.