{metadescription}
Астанада атышулы Абу Дабидің құрылысшылары наразылыққа шықты
Астанада атышулы Абу Дабидің құрылысшылары наразылыққа шықты

Астанада атышулы Абу Дабидің құрылысшылары наразылыққа шықты

Астанадағы Абу Дабидің құрылысына қатысты тағы дау шықты. Бұл жолы Елордадағы ең биік ғимаратты салып жатқан 400-ге жуық  адам бір күнде  жұмыссыз қалды. Құрылыс компаниялары алдын ала ескерту жасамаған. Және өтемақы төлемейтіндерін ашық айтқан көрінеді. Алайда, жұмысшылар «кет» дегенге, кете салайын деп отырған жоқ. Бір-бір үйді асырап жүрген азаматтар Еңбек кодексі бойынша өз құқықтарын талап етуге кірісті.

Мынау аяқ асты жұмыссыз қалған төрт жүзге жуық құрылысшының бір тобы ғана. Жігіттердің қалғаны бөлініп, прокуратура, полиция мен партия жағалап, көмек сұрап жүр. Абу Дабидің іргетасынан бастап қабырғасын қалаған азаматтар қай жерде жаза басқандарын да білмейді. 

Мақсат Ахмет, жұмысшы:

-Мен сенбі түнгі сменге түскем, жексенбі таңда шығамын. Бейджик істемей қалды. Ешқандай ескерту болған жоқ. Мал сияқты келді де, жұмыстан шығарып тастап жатыр. Біз сонда қайда барамыз,  мысалы қақаған суық күнде? Менің бала-шағам бар, кредитім бар. Екі мың шақырымнан келіп отырмын.

Яғни, жұмысшыларға құрылыс компаниялары еш ескерту жасамаған. Басшылары өз еріктеріңмен орыдарыңды босатыңдар деп қысқа қайырыпты.  Көнбегенді, Еңбек кодексімен қудалаймыз деп қорқытатын көрінеді.

Мұхтар Қалдыбек, жұмысшы:

-" Ештеңе бермейміз, сендер 49- баппен жұмыстан шығарамыз  жұмыс бітті  дейді. Жұмыс біткен жоқ, барып көріңіздер. Абу Даби сол күйде тұр, 40-50 пайыз бітсе біткен шығар. Онда  шетелдіктер тып-тыныш жұмыс істеп жатыр.

Абу Дабиге кіндігі байланып қалған ешкім жоқ. Жұмысшылар тек  заң бойынша өздеріне тиесілі өтемақаны талап етіп отыр. Ал әркімнің жалақысы еткен еңбегіне қарай әртүрлі. 200 мың теңгеден бастап 300 мыңға дейін жетеді екен.

Мұхтар Қалдыбек, жұмысшы:

-Компания банкрот болған жағдайда 1 айлық төлейді, егер компания жұмысты тоқтатып, объект біткен жағдайда дейді ол кезде 2 айлық төленеді дейді. Алдында үш ай болған, 2015-те кодексте өзгеріс болған, сол үшін екі айға өзгертіп қойған.

Бұл азаматтарды отандық төрт құрылыс компаниясы жұмысқа алған. Демек, Еңбек туралы кодекстің талаптарын бұзып отырған да жергілікті мекемелер. Онда жұмысшылардың жанайқайына құлап асатын ешкім болмаған соң, құрылысшылар «Нұр Отаннан» араша түсуді сұрап келген еді, билік партиясындағылардың жауабы мынадай болды: 

Владислав Сергеев, «Нұр Ота»н партиясы Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары:

-Біз құрылыс компанияларының өкілдерін шақырып, әкімдіктегі әріптестерімізбен бірге сөйлесеміз. Егер сіздер айтқандай,  шынында да қаншама адамды  жұмыстан негізсіз шығарса, мәселені шешеуге көмектесеміз.

Қарамағындағыларды шулатып қойған құрылыс компанияларын іздеп, біз де бардық. Бірақ, күзет есіктен ары аттатпады. Мән-жайды түсіндіріп беретін де адам жоқ.

-Астанадағы Абу Дабиді жергілікті жұмысшылармен қатар шетелдік құрылысшылар да салып жатыр. Бірақ, жаппай жұмыстан қуу туралы тосын бұйрық тек ел азаматтарына қатысты. Сырттан келгендердің  мазасын алып жатқан дейді наразылыққа шыққандар. Далада қалған жұмысшылар болса, құрылыс компаниялары тиісті өтемақыны төлегенше  тыным таппаймыз деп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде