{metadescription}
Қанат Сұлтанбековтің түрмеден шығу үшін төлеген ақшасына 158 пәтер сатып алуға болады
Қанат Сұлтанбековтің түрмеден шығу үшін төлеген ақшасына 158 пәтер сатып алуға болады

Қанат Сұлтанбековтің түрмеден шығу үшін төлеген ақшасына 158 пәтер сатып алуға болады

Ал параны Біләлдан гөрі көбірек алған Қанат Сұлтанбеков айыппұлды миллиардтап төлеуге мәжбүр! Бүгін сот «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы басшысының бұрынғы орынбасарын 2 млрд теңге айыппұлмен бостандыққа шығарды. Онымен сыбайлас болған Израиль азаматы Гиль Смоленский де түрмеден құтылғанымен, айыппұлын 3 еселеп өтемек. Ал осы іс бойынша сотталған Қорғаныс министрлігінің офицері Мұхтар Қарабековтің туыстары үкіммен келіспей жатыр. Айта кетсек, Сұлтанбеков төлейтін 2 миллиардқа 2 мектеп немесе Астанадан 158 пәтер сатып алуға болады...

ен.

Апелляциялық сот Сұлтанбековтің адамгершілік мінездемесі мен отбасылық жағдайын және тағы басқа жақтарын ескере келе осындай үкім кескен екен.Қанат Сұлтанбеков Қазақстан сотында әзірге ең ірі айыппұл арқалап, бостандыққа шығып отыр. Ол мемлекет қазынасына 2 миллиард 139 миллион 500 мың теңге төлеуді мойнына алды. Былтыр қараша айында топ-менеджер сот үкімімен 10 жылға қамалған болатын.

Ол Астана қаласы әкімінің орынбасары болған тұста, израилдік кәсіпкермен ауыз жаласқан. Сөйтіп, мемлекеттік тендерді ұтып бергені үшін бизнесменнен 178 миллион теңге пара алыпты. Ал «Қазақстан инжинирингке» қызмет ауыстырған соң, оралдық зауыттың басшысымен жымдасып, 286 милионға кенелген. Кейін қарсы шағым түсіріп, 1 миллиард теңге айыппұл төлеп беретінін мәлімдепті. Апелляциялық сот оның дәйектерін ескере келе, айыппұлын екі еселеп, өзін босату туралы үкім шығарған.

-Қылмыстық құқық бұзушылықты ашу мен тергеу шараларына, қылмыстық әрекеттің басқа да қатысушыларын анықтауға, бұрын тергеуге белгісіз болған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы деректерді тауып беруге белсенді атсалысқан.

ҚР Әскери соты

Жалпы, жазаны айыппұлмен өтеу тәжірибесі біздің сот жүйесінде бұрыннан бар. Үкіметті басқарған Серік Ахметов 17 миллион теңге өтесе, 3 жыл бұрын  Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов 1 миллиард 101 миллион теңгені өз қалтасынан шығарды. Сұлтанбековпен бірге сотталған Әскери өкілдіктер орталығының бастығы Мұхтар Қарабековтің әйелі үкіммен тіпті келіспейді. Айтуынша, күйеуінің еш кінәсі жоқ. Тергеушілер оны мойындатпақ болыпты. Өйткені, қылмыс болды деген аралықта ол Ресейде жүрген екен. Ал қылмысын тергеушілер қолдан жасаған дейді.

Фарида Қарабекова, сотталған М. Қарабековтің әйелі:

-Үш ай  тергеу абақтысында отырды. Айып ойдан құрастырылған. Заңсыздық көп. Қолдан жасалған дүние көп.

Жалпы, Сұлтанбеков ісі бойынша экс-шенеуніктің өзінен бөлек 8 адам сотталған. Оның бірі Израиль азаматы. Қалған 7 адам 3 жылдан 7 жылға дейін жаза арқалаған.Ал Алматы мен Астанадан таңдап тұрып 158 пәтер алуға болатын ақшаны Қанат Сұлтанбеков өз қалтасынан шығаратын болды. Қазірдің өзінде ол 100 миллион теңгеден астам қаражатты Қаржы министрлігінің есепшотына аударып қойыпты. Қалған қарызын тез арада жабуы тиіс. Осындай айыппұлмен құтылу жолын туыстарының айтуынша, Қарабековке де ұсынған екен.Үкімге келіспеген олар енді кассациялық сотқа жүгінбекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде