{metadescription}
Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен келіншек аман-есен табылды
Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен келіншек аман-есен табылды

Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен келіншек аман-есен табылды

Ол отбасындағы бітпейтін кикілжіңге шыдамай, 2 баласы мен күйеуін тастап, танысының  үйіне кетіп қалыпты.

23 жастағы Анастасия Букова екі апта бойы сол азаматтың үйінде жүрген. Ал күйеуіне хабарласып, Қапшағайдағы дәмханаға жұмысқа орналасқанын  айтып тұтқаны қоя салған. Содан бері хабар-ошар болмаған соң отбасы оны әлдекімдер құлдықта ұстап отыр деп топшылаған. Тіпті тәртіп сақшыларына хабар беріп, еріктілер тобымен келіншекті іздеуге кіріскен. Екі аптадан кейін Анастасия танысының үйінен табылды. Құзырлы органдағылардың айтуынша, жолдасымен арасындағы ұрыс-керістен мезі болған әйел қарым-қатынасты осылайша үзбек болыпты. Енді күйеуі тұрмақ, екі баласына да қайтып оралғысы  келмейді.

Сергей Букова, күйеуі:

-Мені басқармаға кіргізген жоқ, себебі Настя менімен кездесуге қорыққан. Өзімнен де  кінә бар. Ол бұған дейін менімен тұрғысы келмейтінін айтатын. Ал мен мән бермей бұл сөзді шынайы қабылдамайтынмын. бүгін онымен хабарласып сөйлестім, бар жағдайды түсіндіріп беруін сұрадым. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.