{metadescription}
Шымкентте кәсіпкерден 9 жыл бұрын таяқ жедік деген полицейлер сотқа енді шағым түсірді
Шымкентте кәсіпкерден 9 жыл бұрын таяқ жедік деген полицейлер сотқа енді шағым түсірді

Шымкентте кәсіпкерден 9 жыл бұрын таяқ жедік деген полицейлер сотқа енді шағым түсірді

Сонша уақыт ши шығармағанын тәртіп сақшылары өз басшыларының бизнесмен Мықтыбек Бекеевтен қорқып, қызметкерлерінің аузын жапқанымен түсіндіреді. Еңбекші аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет еткен Ділшат Хәкімжанов пен Ермек Нұрәлиевті сауна қожайыны әдбен қорлапты. Ал кәсіпкер полицейлердің өзіне қарсы ұйымдасып жала жауып жатқанына сенімді.

Шымкенттегі Еңбекші аудандық сотында шатасқан мұндай процестің болмағаны қай заман. Қиындығы сол, қос полицей жергілікті кәсіпкер Мықтыбек Бекеевтің жуан жұдырығынан 9 жыл бұрын таяқ жедік деп  шағым түсіріп отыр. Тәртіп сақшылары Ділшат Хәкімжанов пен Ермек Нұрәлиев 2009 жылы саунада шыққан жанжалды анықтамаққа барады. Бірақ сол жерде өздері таяқтың астында қалыпты. Тіпті, сауна қожайыны Мықтыбек Бекеевтен полицейлердің таяқ жеп жатқанын көрген азаматтар да бүгін куәлік жасады.

-Сол замат мен де саунада болғанмын. Бекеев қос полицейді сауна аумағына кіргізіп алып,күзетшілеріне арқанмен байлатқызды. Ауыздарына күштеп арақ құйғызып, өзі беттерінен ұрып жатқанын көрдім. «Мықтыбек, қойсаңшы» деген сөзіме пысқырған да жоқ.

Полицейлер қан жоса болып таяқ жегенімен қоймай арқандаулы күйі сауна сыртына лақтыра салған. Тіпті Бекеев қалталарындағы жеке заттарын да алып қойыпты. Ал артынша саунаға жеткен аудандық ішкі істер бөлімінің басшылары қызметкерлеріне емес, кәсіпкерге жақтасып шыққан. Осы күнге дейін басшылардан қорқып келдік деген қос полицей араға сонша жыл салған соң ғана сотқа шағымдануға батылдары жетіпті.

Ділшат Хәкімжанов, полицияның бұрынғы қызметкері:

– Еңбекші аудандық полиция бөлімінің басшысы полковник Охашев пен орынбасары Мұсаев келді. Сөйтіп, бізге дымдарың іштеріңде болсын деді. Қорғайды деген басшыларымыз ши шығармаңдар деп тапсырма берген соң кімге шағымданарымызды да білмей жүрдік осы күнге дейін. Қазір, мен зейнетке шықтым. Ерте заң алдында жауап берсін деген соң сотқа шағым түсіріп отырмыз.

Ал сотқа қатысқан кәсіпкердің өзі тілшілерге адвокаты арқылы ғана сұхбат беріп жатыр. Бекеевтің пікірінше, полицейлер өзінің артынан әдейі түсіп отыр екен. Бір жарым жыл бұрын кәсіпкерге тиесілі саунада полицейлер арнайы операция өткізіп, жезөкшелер мен жеңгетайды ұстаған. Жезөкшені сылтау етіп бүкіл саунаны тінтіген тәртіп сақшылары Бекеевке тиесілі 70 миллион теңгені қолды еткен көрінеді. Ал тінтіген полицейлердің үстінен жазылға шағымнан соң ішкі істер департаменті кәсіпкердің артынан май шаммен түсіпті.

Шымырбай Ағабеков, Мықтыбек Бекеевтің адвокаты:

-Менің қорғауымдағы Бекеевтің айтуына қарағанда осы Жүнісбеков және басқа да полиция қызметкерлері шақырып алып, осы арыз жазуын тоқтатқын немесе тиісті шаралар көретіндігін айтқан. Осының салдарынан болуы тиіс, Жүнісбеков тарапынан қылмыстық іс тергелген менің қорғауымдағы Бекеевке қарсы 2009 жылғы орын алған оқиға бойынша.

-Мықтыбек Бекеевтің саунада жоғалған 70 миллион теңгесі бойынша іс қозғаған өзіндік қауіпсіздік басқармасы көп ұзамай істі жауып тастапты. Қарға қарғанының көзін шұқымайтынына сенімді кәсіпкер қорғаушылары арқылы қазір сол істі қайта аштырған. Бұл жолы мұнымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері айналысуда. Ал полицейлердің арызы бойынша кәсіпкерге қатысты үш бап бойынша іс қозғалған. Сот процессінің қанша уақытқа созылары белгісіз. Бірақ бұл іс бойынша не сауна қожайынсыз қалуы, не біраз полицей шенінен айырылуы мүмкін.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде