{metadescription}
Әділетсіздік: Облыстарда газ бағасының әртүрлі болуы депутаттардың ашуын туғызды
Әділетсіздік: Облыстарда газ бағасының әртүрлі болуы депутаттардың ашуын туғызды

Әділетсіздік: Облыстарда газ бағасының әртүрлі болуы депутаттардың ашуын туғызды

Елімізде табиғи газға біріңғай баға бекітілуі тиіс! Бүгін депутаттар мәжіліске «монополия туралы» заң жобасын әкелген Ұлттық экономика вице-министрін осылай деп қыспаққа алды. Өйткені, ай сайын коммуналдық тарифтердің шарықтағанын айтпағанда, баға әр өңірде әртүрлі. Әсіресе, газ батыста арзан, ал, оңтүстікте бірнеше есеге қымбат. Сондықтан халық қалаулылары осы айырмашылықты дереу  жоюды талап етіп отыр.

-Сонымен, елімізде коммуналдық тарифтерге ортақ баға бекітілуі мүмкін бе?

Олай деуге әлі ерте. Өйткені, депутаттар біріңғай тариф бекітуді талап еткенімен, шаруа бүгін-ертең іске аса қоймайды. Десе де, Ұлттық экономика вице-министрі, бұл ұсынысты талқыға салып, жан-жақты зерттеп көретінін айтты. Негізі Серік Жұманғарин, мәжіліске «Табиғи монополиялар туралы» жаңа заң жобасын алып келген болатын. Бетімен кеткен тариф бағасын реттеуі тиіс құжат депутаттардың көңілінен шықпай қалды. Өйткені, жаңа заң жаңа айтқанымдай, облыстардағы су, жарық, жылу, газға қойылған бағаны  толық реттей алмайды. 

Уәлихан Қайназаров, Мәжіліс депутаты:

-Мысалы газға келетін болсақ, Атырауда 8 теңгеден, Оңтүстік Қазақстанда 34 теңгеге дейін жеке азаматтарға беріліп жатыр. Осы баға орта есеппен бір енгізіле ма? Енді оңтүстік Қазақстан мен Алматы кінәлі емес қой территориясында газ жоқ екеніне дұрыс па?

-Түсінікті, ал жауапты министрлік бұған қатысты не айтты?

Вице-министр шарықтап жатқан тарифдердің ортақ құнын енгізу оңай шаруа емес дейді.

Айтуынша, баға әртүрлі болғанымен, облыстардың экономикалық жағдайына сай бекітіледі.  Әрі газ бен жарық  тасымалдаушы компаниялар  шығынға батпас үшін өзінің пайыздарын қосады. Сәйкесінше, бағада өзгерістер болады.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

-Қазір бағаны өзгертсе, баға батыста көтеріледі, оңтүстікте азаяды. Оны есептеу керек. Осындай ұсыныстар түсіп жатыр қазіргі кезде. Газшылардың бизнес қоғамнан да түсіп жатыр. Біз қазір Үкіметте оны есептеп жатырмыз.

Сондай-ақ, мәжілісмендер монополияға қарсы агенттіктің жұмысын сынға алды. Қымбатшылықтың алдын алуы тиіс  шенеуніктер коммуналдық тарифтер мен азық-түлік құнын бақылаудың орнына қол қусырып отыр дейді депутаттар. Әсіресе, бензин бағасы бетімен кеткен. Сәл тапшылық бола қалса жанармай негізсіз аспандап  шыға келеді.

Бақтияр Мәкен, Мәжіліс депутаты:

-Дамыған мемлекеттердің ішінде  бензиндерінің бағасы 5-6 жыл бойы бір бағада тұрады. Түсінеміз бәсекелестік бар тағысын тағы. Бірақ, кейбір монополистер алады да бензин жоқ болған кезде бағаны кішкене мөлшерде емес, 7 пайызға дейін көтеріп тастайды. Әрдайым түрлі нәрсе айтады. Бірақ, бензиннің бағасы бір көтерілген соң ол ешқашан түспейді оны бәріміз білеміз.

Бірақ, вице-министр «табиғи монополия туралы» жаңа заңда бензин бағасын реттеу қарастырылмағанын айтып отыр. Яғни, жанармайдың бағасын қазіргідей нарық өзі реттеуі тиіс. Бірақ, бензин бағасының негізсіз өскені анықталса, кәсіпкерлерді жазалаймыз дейді Жұманғарин. Қымбатшылық демекші, монополияға қарсы агенттік көмір бағасының шарықтауына қатысты тергеу жүргізген екен. Оған сай қара отын құнын делдалдардың екі-үш есеге дейін аспандатып жібергені анықталыпты. Вице-министрдің сөзіне сенсек , қолында нақты деректер   бар. Енді оларға жаппай айыппұл санынғалы жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.