{metadescription}
Маңғыстауда төбелес шығарған футболшылар бәлеге қалды
Маңғыстауда төбелес шығарған футболшылар бәлеге қалды

Маңғыстауда төбелес шығарған футболшылар бәлеге қалды

Маңғыстаулық футболшылардың басы бәлеге қалды. Алаңда доп қуып жүріп, төбелескен ойыншылар енді айыппұл ретінде 125 мың теңге төлеуі тиіс. Өйткені, төреші ойын шартын бұзғанын бірнеше рет ескертсе де «Ерсай Бигрупп» командасы оны елемеген.

Ең сорақысы, сүйікті командасының ескерту ала бергені ұнамаса керек, қосалқы құрамда отырған әріптестері алаңға жүгіріп шығып, қарсы топтың ойыншысын тепкілеп тастаған. Бұл тәртіпсіздікке қатысты Маңғыстау облыстық футбол федерациясы дереу шара қолданған. Сөйтіп, команда тәртіптік регламентте көрсетілгендей айыппұл арқалады. Яғни, төбелескен ойыншылар үшін 100 мың теңге, ал ойынға қатыспаса да, алаңға шығып кеткендерге 25 мың теңге айыппұл салынды. Ал, Төбелесқұмар футболшылардың өздері маусым біткенше доп теппейтін болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде