{metadescription}
Түнгі бардағы чемпионат
Түнгі бардағы чемпионат

Түнгі бардағы чемпионат

Алматыдағы жастардың көңіл көтеретін шулы орындарының бірінде спорттық шара өтті. Білекті қыз-жігіттер онда арнайы барып, қол күрестірген. Осылайша, сауық құруға барған қонақтар ойда-жоқта нағыз жекпе-жектің куәсі болды.

Сенбі - бұл бардағы думанның қатты қызатын күні. Бірақ, осы жолы денсаулыққа пайдасыз көңіл көтеруді армрестлинг спортының өкілдері тоқтатып қойды. Қолдары темірдей қатысушылар ортада күш сынасып, бүкіл қонақтардың назарын аударған. Мұндай жерде бірінші рет бәсекеге түссе де, олар өздерін кәдімгі залда жүргендей сезінді. Өйткені, спортшыларға ыңғайлы болуы үшін дәмханаға үстелдеріне дейін көтеріп келіпті. Әрі чемпионатта қол күрестің халықаралық ережелері қатаң сақталды. Айта кетсек, армрестлинг  - жекпе-жектің ең бейбіт түрі. Онда қарсыластар бір-бірінің денесіне еш зақым келтірмейді. Құрыш білекті қыз-жігіттер осылай жастарға салауатты өмір салтын насихаттауды көздепті. Ұйымдастырушылардың тағы бір мақсаты - көпшілікті спорттың осы бір қиын әрі қызық түріне баулу.

Медет Зәріпхан, ұйымдастырушы:

- Қазір бүкіл әлемде қол күрес деген өте ауқымды сондай қоғамды алып жатыр. Соны біз қолдаймыз. Қолдай отырып  өзіміздің спорттық клубтың атынан сондай бағдарды ашқымыз келді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде