{metadescription}
Ресейде ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында бір қазақ болған
Ресейде ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында бір қазақ болған

Ресейде ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында бір қазақ болған

Мәскеуден-Орск қаласына бағыт алған АН-148 кеше кешке құлап, жарылған болатын. Борттағы жолаушылар мен экипаж мүшелері түгел көз жұмған еді. Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған лайнердің қирандылары қазір әлі жиналып жатыр. Ал, Тергеу комитеті дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, апат себебін анықтауда. Болжам бойынша, ұшақтың қозғалтқышынан от шыққан болуы мүмкін.

Мәскеу-Орск бағытындағы ұшақ кеше кешке Домодедово әуежайынан ұшып шыққан. Бортта 65 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болыпты. Бірақ, әуеге көтерілген Ан-148 лайнері төрт минуттан кейін радардан жоғалып, Мәскеу шетіне құлаған. Жарылыстың қатты болғаны сонша, әуе кемесіндегі 71 адам түгел қаза тапты. Лайнер құлаған жерде 2 жарым метрлік ор пайда болған.

- Тіпті үй қозғалып кетті.

Ал, бұл «Саратов әуе жолдары» компаниясына тиесілі осы ұшақтың құлаған сәті. Маңайдағы үйлердің бірінің камерасына түсіп қалған. Болжам бойынша, лайнердің қозғалтқышы істен шығып, кейін жарылыпты. Ал, апаттан ажал құшқандардың көбі Ресей азаматтары екен. Тек, үш жолаушы ғана шетелдікі. Арасында отандастарымыз жоқ.

-Болжам бойынша қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Ресейдегі дипломаттарымыз жергілікті органдармен байланыс орнатып, жағдайды бақылап отыр.

Қайтыс болғандардың қатырында жерлестеріміз жоқ болғанымен, Ресейдің Орск қаласында тұрған ұлты қазақ жігіт бар. 32 жастағы Темірлан Ақназаров Мәскеуден үйіне бара жатқан екен. Жалпы, көз жұмғандардың басым бөлігі Орынбор облысының тумалары. Сол үшін бүгін мұнда апаттан қаза тапқандарды аза тұту күні жарияланған. Президент Нұрсұлтан Назарбаев та бүгін көңіл айту жедел хатын жолдады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

-Қаза болғандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын.

Мәліметтерге қарағанда жарылған АН-148  ұшағы 2010 жылы шығарылыпты. Жақында техникалық тексеруден өтіп, ешқандай ақау табылмаған. Ал, тізгінде 51 жастағы кәсіби пилот болған екен. Қасындағы серігі де өз ісінің маманы дейді әуе компаниясындағылар.

-Қазір ұшақ құлаған Раменск ауданында бір шақырымға дейін шашылған лайнердің бөлшектері әлі жиналып жатыр. Ал, тергеу комитеті дерек бойынша қылмыстық іс қозғап қойған. Ан-148-дің қара жәшігі де алынып сараптама жіберіліпті. Енді 71 адамды ажал құштырған апатқа  нақты не себеп болғанын анықтауға сондағы жазба көмектесуі тиіс. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.