{metadescription}
Кореяға олимпиаданы көруге барған отандастарымыз әуежайдың жертөлесінде қамалып отыр
Кореяға олимпиаданы көруге барған отандастарымыз әуежайдың жертөлесінде қамалып отыр

Кореяға олимпиаданы көруге барған отандастарымыз әуежайдың жертөлесінде қамалып отыр

Осы олимпиадашыларымызды қолдауға барғандардың біразы жарысқа жете алмай қор болды. Пиоңшаңға жанкүйер болуға аттанған отандастарымыз екі күннен бері әуежайдың жертөлесінде жатыр. Айтуларынша, қолда билет болғанмен елге кіргізбейді. Ешқандай себебін де түсіндірмеген. Тіпті, кейбірінің паспорттарын алып қойыпты. Жүзге жуық жанкүйердің жартысын бүгін таңда Қазақстанға кері қайтарған.

Ақ олимпиадаға ақ көңілдерімен алып-ұшып барған отандастарымыздың көңілі әуежайда су сепкендей басылды. Бірі демалыс алып, екіншілері жұмыстан сұранып, 4 жылда бір өтетін шараның куәгері болсақ, Қазақстан құрамасына қолдау көрсетсек деп алыстан ат терлетіп жеткен екен. Бірақ, Инчхон әуежайында әлек басталған. Жүзге жуық отандасымыздың қолында құжаты, тапсырыс берген қонақ үйлері туралы барлық мәлімет болғанмен кедендегілер өткізбейміз деп шешіпті. Нақты себебін түсіндірмеген.

Ақшалары шығын болып, не ары, не бері өте алмай жатқан отандастарымыз әуежайдағы «қапастан» қалай құтыларын білмей шыр-пыр. Кейбірінің, тіпті паспорттарын тартып алған.

-200 доллардан, 150 доллардан алған. Менде виза бар Жапонияға. Менен паспорт алып қойды. Шыға алмай жатырмын. 3 күннен бері жертөледе жатырмыз. Тамақтары қымбат.

Кәрістердің қабақтары қату. Ағалаған, құжаттарын көрсетіп жағалаған қазақтарды тыңдауға құлық танытпайтындай. Редакцияға жолданған видеоларға қарағанда, тіптен аудармашыларды бермеген. Қазір Сыртқы Істер министрлігі осы жағдай бойынша анықтау шараларына кірісіп кетті.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Кореяға кіре алмаған Қазақстан азаматтарын шекарада паспорттық бақылау өткен кезде олимпиадаға жалған билеттерін көрсетіп, бара жатқан мақсаттарын дәлелдемеген. Оңтүстік Кореяның консулдық қызметінің мәліметіне сүйенсек, кіруден бас тартудың басты себептері шекарадан өтуден анық емес ақпаратты ұсыну. Мәлімделген ақпараттың нақты деректермен сәйкес келмеуі. Қолма қол ақшаның жетіспеушілігі мен қаирсы алушы адамның болмауы болып табылады.

Осы жағдай сыртқа шығатындарға сабақ болды. Сыртқы істер министрлігі Кореяға барам дейтін азаматтарға нұсқаулықтармен танысуға кеңес береді. Оңтүстік Кореядағы отандық дипломаттар әуежайдағы жанкүйерлердің жағдайын бақылауда ұстаймыз дейді. Бірақ, олардың олипимпиаданы көру үшін ары өтетіне, я елге кері қайтатыны әзірге белгісіз. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.