{metadescription}
«Астана Опера» театры алматылықтарды тәнті етті
«Астана Опера» театры алматылықтарды тәнті етті

«Астана Опера» театры алматылықтарды тәнті етті

Еліміздің мәдени астанасына іссапармен «Астана Опера» театры келді. Өнерімен бүкіл әлемді тәнті етіп жүрген труппа жергілікті талғампаз көрерменді де баурап алды. Шымылдықты Абай операсымен ашқан ұжым алдағы апта бойы әлемдік классикалық туындыларды сахналамақ. «Астана Операның» гастрольдік сапары ақпанның 18-іне дейін жалғасады.  

Алматы қашаннан еліміздің мәдени астанасы есептеледі. Ал "Астана опера" гастрольмен келгенін естіген классикалық өнерге жаны құмар жандар Абай атындағы опера және балет театрына ағылды. Елордалық ұжым Ұлы ақынның атындағы киелі сахнаның да шымылдығы Абай операсымен ашылды.  Театр ұжымы өте үлкен. 300 адам келген.  Ішінде әлемге аты мәшһүр Майра Мұхамедқызы да бар. Опера жұлдызы «Абай» қойылымында басты рөлдердің бірін сомдады. Осы сахнадан қанат қаққан сопрано дауысты әнші қобалжуын да жасырмады.

Майра Мұхамедқызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Мынадай костюмдермен ән айту өте қиын. Өйткені, бүкіл сенің денең, энергияң бәрі қайнап тұрған кезде, керемет күйге бөленесің.

Расымен, театр ұжымы майда-шүйдеге дейін мән берген. Әр заттың жоғары талғаммен жасалғанын байқадық. Әншілердің сахналық киімдерін италиялық дизайнерлер тігіпті. Олардың бет-әлпетін бояу да жауапты іс. Әр әртістің түрін өз кейіпкеріне ұқсату керек. Мәселен, «Абай» қойылымында басты кейіпкерді сомдаған Сүндет Байғожинді әрлеушілер расымен Абайдан айнытпай қойған. Соның бәрі үйлесім тауып, баритон дауысты әнші көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Сүндет Байғожин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Абай театрында Абайды көргендей болып, сондай сезім байқалып жатыр. Үлкен қошеметке бөленіп жатырмыз. Ол бізге шабыт беріп жатыр.

Опера өнердің шарықтау шыңы.  Десе де, оны қарапайым халық түсіне бермейді деп жатамыз. Бірақ, «Астана Опера» театры бұл ұғымды жоққа шығарғандай. Өйткені, демалыс күндері опера және балет театрында ине шаншар орын болмады. Көрермен операны ұйып тыңдады. Әрі залдан ерекше әсермен шығып жатты. Қойылымның көрермен көңілінен шығуы үшін сахналық декорацияның да үлесі зор. Оның ауырлығы 33 тоннадан асады екен. Сахна көркін аша түскен конструкцияны құрастыру үшін цифрлі технологиялар да қолданылған. Сондықтан, қойылымды тамашалағанда жұрт құдды бір кинотеатрда отырғандай болды. Айта кетсек, іссапар Мәдениет министрлігінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Ол ақпанның 18-іне дейін созылмақ. Сәрсенбі күні көрерменге Кеннет Макмилланның «Манон» туындысы ұсынылады. Ал, 17 және18 ақпан күндері Ролан Петидің «Париж Құдай ана соборы» спектаклі көрсетілмек. 

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде