{metadescription}
Ақтөбе облысындағы екі ауылда бруцеллезге қарсы карантин жарияланды
Ақтөбе облысындағы екі ауылда бруцеллезге қарсы карантин жарияланды

Ақтөбе облысындағы екі ауылда бруцеллезге қарсы карантин жарияланды

Енді Ойыл ауданының Қаратал мен Саралжын елді-мекенінің тұрғындары кесел табылған малдың бәрін еріксіз етке өткізіп жатыр. Бірақ оған оңдырып өтемақы да бермейді. Бұдан бөлек тұрғындар аурудың алдын алуға еш шара қолданбаған жергілікті билік пен ветеринарларға ашулы. Шенділер «өлімтік баққан құзғындар» сияқты тек науқан кезінде арзан мал алуға жетіп келеді, ал ауылдағы мал дәрігері қан алғаннан басқа қолынан ештеңе келмейді дейді ашулы халық.

-Қаратал ауылының тұрғындары ветеринар мамандарды көрсе қаралай қорқады. Себебі олар қан алған барлық малдан бруцеллез табылған. Енді соның кесерінен мүйізді ірі қараның бәрін арзанған өткізуге мәжбүр.

Сексеннен асқан Сәндіғали қарттың қорасы қаңырап қалған. Ветеринарлар он үш бас малын мәжбүрлеп, етке өткізуге алып кетіпті. Тіпті, сауынды сиырынан кесел тауып, бұзауынан айырған. Енді жетім қалған жалғыз төлді дүкеннен сүт алып асырап отыр.

Сәндіғали Мырзағалиев, Қаратал ауылының тұрғыны:  

-Малдан мінекей, осы жалғыз бұзау қалды. 14 бас малды ауру деп тиеп алып кетті. Мына бұзауды дүкеннің сүтімен бағып отырмын.

Ауру малын даулаған қараталдықтар дәл осы мәдениет үйінің алдына күнде жиналады. Себебі кеселдің шыққан ошағын дер уақытында жаппай, ауру ауылға тарағанда ғана іске кіріскен мамандар мен әкімдіктегілерге өкіпелі. Ең қызығы биліктегілер кәсіпкер-фермерлердің қорасын айналып өтіп, тек ауыл тұрғындарын ғана жағалайды екен. Өйткені, ондай шаруашылықтар әкімдердің өздеріне немесе ағайын-туысына тиесілі. Ең құрығанда жергілікті басшылар осы күнге дейін бруцеллездің алдын алу үшін екпе егу туралы да жақ ашпаған.

Жауғашты Жонысов, Қаратал ауылының тұрғыны:

- Ауруға ем іздегенше, аурудың алдын алу керек. Жолын іздеу керек.

Бір Қаратал ауылынан бір күнде сексенге жуық мүйізді қарадан вирус табылыпты. Оны сойдыруға аудан ортағы Ойылда мал соятын қасапхана істемейді. Жұрт амалсыздан 300 шақырым жердегі Ақтөбеге апаруға мәжбүр. Ол жақта алыпсатарлар тиын-тебенге сатып алып жатыр. Ет комбинатына өткізіп, мемлекеттен өтемақы талап еткенмен оның құны бұзау алуға ғана жетеді. Тіпті сол ақшаны алудың машақаты да аз емес. Аудандағы жылы кабинетінен шықпай-ақ ауылдағы жағдайға баға берген әкім де мұны ашық айтып отыр.

Бұлбұл Күзембаева, Ойыл ауданының әкімі:

-Малдың бәріне бірдей өтемақы төленбейді. Мал егер лобараторияға өткізген кезде ауру деген малдың өзі қолдануға жарамды болса, ол иесіне қайтарылады. Әрі қарай иесі қолдана ма, сата ма енді өзі құқы бар.  

Қазір қорасындағы бар малынан айрылған жұрт немен күн көрерін білмей отыр. Қолдаудың орнына әкімдіктегілер қорада қалған басқа малды да пышаққа аламыз деп қорқытады екен. Ашулы жұрт енді кімнен көмек сұрарын білмей отыр. 

Кеше

16 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде