{metadescription}
Семейде қақаған қыста тұрғындар жылудан ажыратылып жатыр
Семейде қақаған қыста тұрғындар жылудан ажыратылып жатыр

Семейде қақаған қыста тұрғындар жылудан ажыратылып жатыр

Семейде жылуға миллиондап қарыз болған жұрт жарық пен жылудан жаппай ажыратылып жатыр. Бүгінде қыстың көзі қырауда болса да 50 абонентке мамандар осындай жаза қолданылып отыр. Өйткені, дебиторлық қарыз 900 млн. теңгеге жеткенімен жұрт мұны төлеуге асықпайтын көрінеді.

Осылайша,  қарызы бар тұрғындар рейдке шыққан соторындаушыларына есік ашпай әлекке түсіреді екен. Сондықтан жергілікті коммуналдық қызметкерлер, млн. теңгеге жуық қарызы бар борышкерлердің мәселесін шешу үшін арнайы жобаны қолға алыпты. Алайда, мамандар үш жыл өткенен кейін бұл бағдарламаларын іске асырып отырғандарын айтуда. Бүгінде, олар сот шешімі шыққан үйлерді бірден жарықтан жаппай ажыратып әлек. Себебі, ақша жоқ деген сылтаумен қарызын төлеуден жалтаратындар, жарықтан қағылса, көп ұзамай берешегін өтейтін тәрізді. Онымен қоса, олар оны қайта қостыру үшінде екі жарым мың теңге төлеуге міндеттелуде. Бірақ мамандардың айтуынша, тұтынған жылуға көктиын төлегісі келмейтіндердің қатарында жеке кәсіпкерлерде бар екен. Енді, коммуналшылар қазіргі уақытта 130 млн. теңгені құрайтын 2 жарым мың істі соттың қарамағына жөнелтіп отыр.Үкім шыққан бойда, оларды да жарық пен жылудан кесіп тастамақ . 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде