Сонымен қатар, анальгетиктер мен асқазан дәрілерінің де құны ышқынып кеткен. Статистика комитеті таратқан сараптама қорытындылары осыны көрсетіп отыр. Отандық дәріханалар бағаны көтеретін біз емес деп бастарын алып қашады. Ал дәрілерді елге тасымалдайтын фармацевтикалық компаниялар шетелдік...
Қазақстанда гормоналды дәрілер қымбаттады
Қазақстанда гормоналды дәрілер қымбаттады

Қазақстанда гормоналды дәрілер қымбаттады

Сонымен қатар, анальгетиктер мен асқазан дәрілерінің де құны ышқынып кеткен. Статистика комитеті таратқан сараптама қорытындылары осыны көрсетіп отыр. Отандық дәріханалар бағаны көтеретін біз емес деп бастарын алып қашады. Ал дәрілерді елге тасымалдайтын фармацевтикалық компаниялар шетелдік өндірушілердің қабағын бағып отырмыз дейді. Яғни, қандай баға қойса, соған көнуге мәжбүр. Ендеше, бағаны кім ауыздықтайды?

Армысыз Ербол! Қалтаға қатты салмақ түсіріп жатқан қандай дәрілер ол? 

Шарықтаудың кезегі дәрі-дәрмектің бағасына да келіп жеткен екен. Дәл осы гормоналды дәрілерді тұтынатындардың айтуынша, соңғы кездері құны қатты өсіп кеткен. Оң ең алдымен қарапайым тұрғындардың қалтасын қағып отыр екен. Мәселен, елордалық Ләйла Тастанова денсаулық жағдайына байланысты тап сол дәрілерді жиі тұтынады. Өкімет белгілеген тегін дәрілерден алайын десе, кезекке тұру керек. Онысы апталап созылады. Сосын амалсыз қолды бір сілтеп, керегін дәріханадан сатып алады екен.

Ләйлә Тастанова, Астана қаласының тұрғыны: 

-Гормоналды препараттарды мен бір жыл бұрын шамамен 500 теңгеге сатып алатынмын. Қазір мың теңгеден кем емес. Ал дәрумен дегендеріңіз тіпті қымбат. 2-3 айда керектінің бәрін бірден сатып аламыз. Соның өзі 30 мыңды қағып түседі.

Бас ауырып, балтыр сыздағанда жанға дауа дәрілердің басым көпшілігі сырттан, әсіресе Еуропадан келетіні белгілі жай. Мәселен, мынау статистика комитетінің мәліметтері. Біз айтып отырған гормоналды дәрілер былтырдан бері 22 пайызға, анальгетиктер 13, асқазан дәрілері 8 пайызға өскен. Оларды елге тасымалдайтын фармацевтикалық компаниялар шетелдік өндірушілердің қабағын бағып отыр екен. Яғни, қандай баға қойса – соған үстемесін қосып, бізге әкеледі. Бұның аяғы, дәріханалар да бағаны өсіруге мәжбүр болады. Ақырында, қалтасы қағылатын – сол баяғы халық.

-Сонда баға нарығын реттейтін ешкім болмағаны ма? Министрлік неге шара қолданбайды? 

Олардың шара қолданатын шамасы жоқ. Өйткені, баға нарығын реттеу, тұрақтандыру деген мәселелер министрліктің де, фармация комитетінің де құзырына кірмейді. Жалпы, нарық жағдайында бағаны билік емес, бәсекелестік орта қалыптастыру керек деген жазылмаған қағида бар. Мәселен, дәріхана қожайындарының айтуынша, мемлекет қандай да бір қатаң талаптар енгізіп, бағаны қолжетімді ету керек десе, онда қымбат препараттарды сатуды мүлде доғарады екен.

Соның кесірінен, маңызды деген қымбат дәрілерді дәріханалардан таппай қалуымыз мүмкін. Қазіргі уақытта, Денсаулық сақтау министрлігі осы баға мәселесіне қатысты заң жобасын жасап, Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынып қойған. Онда шетелден келетін дәріге 20-дан 50 пайызға дейін үстеме қосуға рұқсат етілген.

Арнұр Нұртаев, Дәрілік заттарды және медицина техникасын сараптау орталығы директорының орынбасары:

-Жаңа заң бойынша, дәрілерге шекті баға қойылатын болады. Ол референтті баға орнату жолымен  жүзеге асатын болады. Яғни, шекті баға жекелеген өндірушілер мен көтерме сауда және бөлшек саудаға жеке-жеке шекті баға мөлшері қойылады.

Шекті мөлшердің ең жоғарғысы яғни, 50 пайыз үстеме арзан дәрілерге ғана қолданылмақ. Яғни, дәрілердің бағасы өскен сайын, оған қосылатын пайыз да азаюы тиіс. Билік өкілдері бұл қалайда баға өсімін тежеп, бір межеде ұстап тұруға септігін тигізеді деп отыр. Ал заң жобасы бірнеше талқылаудан өткеннен кейін шамамен жаз ортасына қарай қабылдануы мүмкін. 

Кеше9

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...