{metadescription}
Министрлік «Уроды Алматы» тобын жауып тастады
Министрлік «Уроды Алматы» тобын жауып тастады

Министрлік «Уроды Алматы» тобын жауып тастады

Əлеуметтік желіде алматылықтардың абыройына нұқсан келтірген «Уроды Алматы» тобы бұғатталды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің айтуынша, контентке жасалған сараптама нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталған. Себебі, алматылық оқушылар топқа таныстарының суретін салып, соңына неше түрлі жағымсыз пікірлер қалдырып отырған көрінеді.

Өзін жас блогермін деп таныстырған Анеля Жексебаева сегізінші сыныпта оқиды. «В контакте» əлеуметтік желісіндегі «Уроды Алматы» тобы жөнінде естігені болмаса, бір күннің ішінде кейіпкер атанып шыға келетінін ешқашан ойламапты. Бірақ, өмірде өзін еркін сезінетін өрен, əлдекімнің бұл əрекетіне соншалықты қынжылыс білдірмейтіндігін айтады. Алайда, кейбір оқушыларға мұндар жайттар ауыр соққы болып, арты қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін дейді ол.

Анел Жексебаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Менің ойымша мұндай топтарды кішкентай кезінде көп қағажу көргендер жасауы мүмкін. Өзгелерді кемсіткеннен лəззат алу үшін. Мен өзімнің суретім жарияланғанын бір досымнан естідім.

Оқушылардың айтуынша, көпшіліктің наразылығын тудырған  оқиғаға қатысты қаладағы мектептерде дабыл қағылып, түрлі жиналыстар өткізіліпті. Мұғалімдер топқа жазылған оқушылар болса, тез арада одан қол үзу керектігін жеткізіпті. Тіпті, алматылықтардың ашу-ызасын келтірген топтың бағыт-бағдарына ақпарат және коммуникациялар министрлігі сараптама жасап, бұғаттап тастады. Өйткені, топқа жазылушылар өздері ұсқынсыз деп есептейтін таныстарының суретін жариялап, соңына неше түрлі жағымсыз пікірлер қалдырып отырған.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі: --Аталған контентке жасалған сараптама нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» заңын бұзу фактілері анықталған. Ағымдағы жылдың 14 ақпанына Министрлік пен «ВКонтакте» интернет-ресурсының әкімшілігінің өкілдерінің хат алмасулары қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтары бар материалдарға қолжетімділікті шектеу жөнінде шаралар қабылданды.

Ал, заңгерлердің айтуынша,  атының өзі адамды кемсітіп тұрған топты құрғандардың əрекетін толықтай əшкерелеу қажет. Себебі, елді дүрліктірген əлеуметтік желідегі  топты бұғаттау арқылы, мəселені түбегейлі шешу мүмкін емес дейді олар.

Рена Керімова, заңгер:

-Топтың атының өзі жеке басқа нұқсан келтіріп, адамның абыройын төгіп тұр. «Уроды Алматы» деп сурет жүктеу арқылы, мазақ етеді. Барлығын заң аясында шешу керек.

-Сондай-ақ, заңгерлер белгілі мақсатта әлеуметтік желіде топ құрып, елді мазақ еткендер əкімшілік жазаға, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс дейді. Өйткені, басына тиген таяқтан сабақ алмағандар тағы да топ құрып, елдің жеке басына қол сұқпасына ешкім кепілдік бере алмайды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде