{metadescription}
Ақтауда қаруласын сабап тастаған сарбазға қатысты сот басталды
Ақтауда қаруласын сабап тастаған сарбазға қатысты сот басталды

Ақтауда қаруласын сабап тастаған сарбазға қатысты сот басталды

Ақтауда қаруласын өлтіріп ала жаздады деп күдікке ілінген сарбаздың ісі әскери сотта қаралып жатыр. 18 жастағы Айбарыс Жақыпбек жауынгер Дәулет Әшіровті орындықпен басынан ұрып есінен тандырды деп айыпталуда.

Бірақ олардың арасындағы даудың неден туындағаны әзірге белгісіз. Бір анығы, екеуі де бір уақытта әскер қатарына шақыртылған. Ал жәбірленуші Дәулет Әшіров бүгінгі сот отырысына қатыса алмады. Өйткені ол Астанада емделіп жатыр. Дәрігерлер Дәулеттің хәлін ауыр деп бағалаған. Сондықтан сотта оның мүддесін ата-анасы қорғады. Естеріңізге салсақ, өткен жылдың 20-шы қараша күні басы жарылып, миы шайқалған жауынгер Әшіров ес-түссіз ауруханаға түскен болатын. Кейін оның қаруласы Айбарыс Жақыпбек басынан орындықпен ұрды деген күдікке ілінген еді. Енді айыпталушының қылмысы дәлелденсе, 12 жылға сотталуы мүмкін. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.