{metadescription}
СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан қырқынан енді шыққан нәресте көз жұмды
СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан қырқынан енді шыққан нәресте көз жұмды

СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан қырқынан енді шыққан нәресте көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 4 адам қаза тапты. Арасында қырқынан енді шыққан нәресте бар. Тағы екі әйел ауыр халде.

Оқиға Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаев-Возвышенка  тас жолында болған. Өзге көлікті басып озбақ болған Жигулидің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, сол бағытпен келе жатқан Фольксвагенмен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары сол жерде тіл тартпай кеткен. Мерт болған 4 адамның бірі қырқынан енді шыққан нәресте екен. Тағы екі әйел ауыр халде Булаев аудандық ауруханасына жеткізілген. Олардың бірінің жағдайын дәрігерлер тым мүшкіл деп отыр. 

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.