{metadescription}
Асығамын деп ажал құшты
Асығамын деп ажал құшты

Асығамын деп ажал құшты

Семейде қаланың қақ ортасында жүк машинасына соғылған жеңіл көліктің 25 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

Эльвира Гатауллина, Семей қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының меңгерушісі:

-1988, 1997 жылғы туған екі жолаушының миы шайқалған. Біреуінікі жабық ми жарақаты. Қазір екеуі де Семей мемлекеттік оқу госпиталінде жатыр.

Volkswagen Passat-тың сау-тамтығы қалмаған. Жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырса керек, ол алдында кетіп бара жатқан жүк көлігін соғып, артынша жол жиегіндегі темір қоршауды қағып барып әрең тоқтапты. Ал полициядағылар жүргізуші ара қашықтықты сақтамаған деп отыр. Сондай-ақ, олар қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ал рөлдегі болған марқұмның мас немесе сау болғаны сараптамадан кейін анықталады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде