{metadescription}
Ақтөбеде мафиямен байланысы болған лауазымды полицей сотта жауап беріп жатыр
Ақтөбеде мафиямен байланысы болған лауазымды полицей сотта жауап беріп жатыр

Ақтөбеде мафиямен байланысы болған лауазымды полицей сотта жауап беріп жатыр

Ал Ақтөбеде ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары сот алдында жауап беріп жатыр. Рахат Ахановқа атышулы «Ағайынды төртеу» тобының серкесі Еркін Ізбасарға қолдау көрсеткен деген айып тағылған.

Ұйымдасқан қылмыстық топ ішкі істер органдарынан өздерін жақтайтын бастықты іздейді. Ақыры Еркін Ізбасардың екі жігіті подполковниктің сеніміне кіріп алады. Сол кезде ол Ақтөбедегі ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Аханов өз кезегінде мұнай ұрылығына көз жұма қарап, қызметі үшін қомақты ақша алып отырыпты. Мұнысы топ мүшелерінің бірі, айыпталушы Саясат Жүсіповтен тәркіленген қойын дәптерде жазылған. Онда Рахат Ахановқа қара алтын қарақшыларының қанша теңге ұстатып отырғаны көрсетіліпті. Онда 150 мың теңгеден басталып, 600 мыңнан бір миллион 700 мың теңгеге дейін жетеді. Бірақ мұны Рахат Ахановтың өзі мойындамады. Ал есеп карточкасына түсіп отырған ақшаны өзімнің жинаған қорым деп ақталды. Сондай-ақ, казино арқылы қолма-қол түсіріп алған 28 миллион теңгені пара емес, танысымның аманаты деп отыр. Өзінің құмар ойынға жылына бір рет соғып кететінін де сот процесінде жасырмады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде