{metadescription}
Тікелей эфир: Тоқмәди Тәтішевті өлтіргенін мойындады
Тікелей эфир: Тоқмәди Тәтішевті өлтіргенін мойындады

Тікелей эфир: Тоқмәди Тәтішевті өлтіргенін мойындады

Мұхтар Әблязов «Тұран Әлем Банкінің» бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевтің көзін құрту үшін Мұратхан Тоқмадиге 4 миллион доллар берген. Сондай-ақ, оның бизнесіне қолдау көрсетемін деп уәде етіпті. Бүгін Тараз қаласында басталған Мұратхан Тоқмәди сотында осындай мәліметтер белгілі болды. Алғашқы процесте белгілі болғандай, Шыны королі бұл соманың тең жарымын алдын ала алып, банктегі несиесін жапқан. Қалған бөлігі тапсырыс орындалған соң қолына тиіп, оны өзінің қажетіне жаратыпты.

-Руслан, істің ашық жүргізілетіні айтылған еді. Бірақ бүгінгі процеске тілшілер неліктен қатыстырылмады ?

Иә, бүгінгі сот процесін тек онлайн арқылы бақылауға тура келді. Неліктен мұндай шешім қабылданғаны бәрімізге де түсініксіз.  Бүгінгі процесте ең алдымен айыпталушы Мұратхан Тоқмәдиден жауап алынды. Ол қанды оқиғаның қалай болғанын тәптіштеп түсіндіріп берді. Әрі Ержан Тәтішевті өлтіру үшін қашқын банкир Мұхтар Әблязовтан 4 млн. долларға тапсырыс алғанын ашық айтты. Қаражаттың тең жарымын сол «Банк Тұран Әлемнен» алған кердитін жабуға жұмсаған. Ал, қалған бөлігін өзінің қажетіне жаратса керек. Осылай деген шыны королі өзінің осы қанды қылмыс жасағаны үшін қатты өкінетінін айтты.

Мұратхан Тоқмәди, айыпталушы:

-Сіз осы жасаған қылмысыңыз үшін өкінесіз бе?

-Иә

-Процесуалдық келісім туралы өтінішті сіз өз еркіңізбен жаздыңыз ба?

-Иә, өз еркіммен жаздым.

-Руслан, Тоқмәдидің қылмысын мойындағаны белгілі. Енді осы іс тек соның айтуымен ғана қаралып жатыр ма, әлде тағы куәгерлер бар ма?

Бұл қанды оқиғаның негізгі куәгері – Тәтішевтің оққағары болған Сергей Козлихин. Оның айтуынша, аңшылықта жүргенде көлікті марқұм Ержан Тәшевтің өзі жүргізген. Ал Сергей соның жанындағы орындықта отырыпты. Бірақ ол Тоқмәдидің қалай оқ атқанын көре алмаған. Себебі, қолында қаруы бар кәсіпкер артқы орындыққа жайғасқан. Тек тарс еткен дауысты естісімен Тәтішевтің сылқ құлағанын бір-ақ байқадым дейді Козлихин. 

Сергей Козлихин, куәгер:

-Көлікті дереу тоқтаттым да, машинадан атып түсіп Тоқмәдиді желкесінен сүйреп сыртқа шығардым. Сен не істедің деп сілкіп қалдым. Ол бозарып кеткен . «Сергей, сен түсінесің ғой, мен мұны қалағам жоқ, ол қаруды маған өзі берді ғой» деді. Шүріппені қалай басқанымды түсінбей қалдым деді. Сөйтіп есеңгіреп, дел-сал күйде тұрып қалды. Болды, мен өмір сүре алмаймын деп қайта-қайта айта берді.

-Руслан, куәгер Ресейден келген дейді. Сонда Сергей Козлихин біздің елден көшіп кеткен бе әлде жұмыс бабымен сонда жүр ме?

Козлихиннің айтуынша, осы қанды қылмыстын кейін оған жан-жақты қысым көбейген. Яғни Тоқмәди бұл қылмысты абайсызда болғанын айтуды одан талап етіпті. Ал бұл оған көнбей басына бәле тілеп алған. Ақыры елден кетуге мәжбүр болыпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде