{metadescription}
КТК тілшісі үздік атанды
КТК тілшісі үздік атанды

КТК тілшісі үздік атанды

Дарынды жастар марапатталды. Ғылым мен техника, өнер мен мәдениет салаларында ерекше көзге түскен жас дарындылар Тұңғыш президент қорының сыйлығына ие болды. Шараның мақсаты, ғылымда жаңалық ашып, түрлі салаларда өзін таныта білген алғыр жастарға қолдау көрсету. Соның ішінде, ақпарат саласы үздіктерінің қатарында біздің әріптесіміз де бар.

Тұңғыш Президент қорының премиясы 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жыл өткен сайын оның ауқымы да, мазмұны да ұлғая бастаған. Комиссия мүшелері қарауға түскен ұсыныстар ішінен үздіктерін іріктеу қиынға түскенін айтады.

Біржан Хасанғалиев, сарапшылар комиссиясының мүшесі:

-Биыл Тұңғыш Президент – Елбасы қорының сыйлығы оныншы рет тапсырылады. Биыл жақсы бір ерекшелік бар. Түскен құжаттардың көптілігі. Жүзден астам құжаттар келді үміткерлерден. Олар ғылым саласынан, өнер саласынан. Және де түскен құжаттардың бәрі де сондай жоғары деңгейдегі біздің өнерпаздардың және ғылым саласында жүрген талантты жастардың құжаттары.

Іріктеу ғылым, техника, өнер мен мәдениет салаларын қамтыған 12 аталым бойынша 116 ұсыныс қаралған. Солардың арасынан 21 адам марапатқа лайық деп танылды. КТК арнасының тілшісі Алтынай Аманбаева – ақпарат саласының үздігі атанды. Мұндағы жүлдегерлердің қай-қайсысы да қоғамға айтарлықтай еңбек сіңіріп жүргендер. Ал ғылым саласындағы үздік еңбектерді әлемдік жаңалыққа санауға болады.

Жансая Нұрпейісова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушысы:

-Менің еңбегім ол жаңа гидрогельдерді алу полимерлер негізінде. Ол медицинада көптеген жаңа үлестер қосады.  Ол гидрогельдерді таңғыш заттар ретінде диабетпен ауыратын адамдарға қолдануға болады.

Тұңғыш Президент қоры сыйлығы бұрын да талай саңлақтын томағасын сыпырған. Опера әншісі Сүндет Байғожин мен Димаш Құдайберген де кезінде осындай сыйлық иеленген. Дәстүрлі шара алдағы жылдарда да жалғасын таппақ. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде