{metadescription}
Ақмола облысында бруцеллез өршіп барады
Ақмола облысында бруцеллез өршіп барады

Ақмола облысында бруцеллез өршіп барады

Мал ауруы адамға жұқты. Ақмола облысындағы Дорогинка ауылы тұрғындарынан жаппай бруцеллез анықтала бастады. Осыдан екі жыл бұрын індеті анықталған 120 бас ірі қараның көзі жойылған болатын. Сол кезде 3 адам бруцеллез болып шыққан. Енді тағы 5 адамнан осы дерт белгілері анықталған. Ауыл тұрғындары ауру бұдан да ары өршуі мүмкін дегенді айтады. Олар мал дәрігерлері қажетті эпизоотиялық шараларды уақытылы жасамай отыр деп дабыл қағуда.

Бруцеллез - малдан жанға жұқты дегелі 80 үйлі Дорогинканың тұрғындарынан маза кетті. Ол кезде 3 адамнан осы дерт анықталған.  Зәрелері ұшқан олар алдыңғы бір сәтте тігерге тұяқ қалдырмай ауру малды жаппай артып жіберген. Осымен  мәселе түпкілікті  шешілді деп ойлапты. Сауып ішер сүті болмаса да бастың амандығына шүкіршілік еткен. Сөйтсе, бруцеллез адам бойынан қайта қылаң берген.

Светлана Войлова, Дорогинка ауылының тұрғыны:

-Көз жасымызды көл қылдық. Айғайлап жыладық та басшыларға қоңырау шалып. Не қолда қалған малға вакцина жасамайды, не өзімізді емдеп жатқан жан жоқ. Балалар бар, не болады олар?

Ауылда ерлі-зайыпты Обысевтар қазір осы дертпен арпалысып жатыр. Ал  53 жастағы отағасы Евгений осы аурудың созылмалы түріне шалдыққан. Жиі төсек тартып қала береді екен. Сүйегім бұрап ауырғанда жанымды қоярға жер таппаймын дейді ол.

-Ауылда тұрып малмен жан бағатын тұрғындар осы оқиғадан кейін  тағы 200-дей ірі қара алған. Бірақ мал дәрігерлері уақытылы вакцина жасап, дезинфекциялау шараларын жүргізген жоқ деп отыр олар. Адамға ауған індет көктем туа өрши түсуі мүмкін. Алайда, мал дәрігерлері, бұның барлығын жоққа шығарады.

Талғат Әбжанов, Сандықтау аудандық ветеринария бөлімінің басшысы:

-Бұл айтқандарының бәрі бекер. 120 бас мал бруцеллезге іліккеннен кейін республикадан келіп дезинфекция жасалды. Біз де қарап отырған жоқпыз. Ал ауырғаны бар-жоғы 3 адам. Дорогинка ауылы қазір мал індетінен тап таза. Міне, қолдары қойылған құжаттар бар қолымызда. 

Аудандағы дәрігерлер тағы 5 адамнан бруцеллез белгілері барын айтып отыр. Бірақ, оларды әзірге нақты ауру деп айту ерте дейді. Ал оның белгілері туралы естіген жұртта зәре жоқ.Ауру асқынып, дерт жайлап кете ме деген қорқынышпен күн өткізіп жатқан жайлары бар. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.