{metadescription}
Әблязов Тәтішевтің отбасына қысым көрсеткен
Әблязов Тәтішевтің отбасына қысым көрсеткен

Әблязов Тәтішевтің отбасына қысым көрсеткен

Ержан Тәтішев қаза болғаннан кейін қашқын банкир Мұхтар Әблязов оның отбасына қысым көрсеткен. Сол себепті Тәтішевтің жары Анар Айтжанова үш баласымен елден кетуге мәжбүр болған. Бұл жайында Таразда шыны корольі Тоқмәдиге қатысты өтіп жатқан сот процесінде Айтжанованың жеңгесі Марина Макарова айтты.   

Марина Макарова, куәгер:

-Ол Мұхтарға қатысты түйткіл туып жатыр деген. Бірақ ашып айтпады. Өйткені біздің өміріміз үшін алаңдап, жақындарын бұл іске араластырғысы келмеді. Содан маған кету керек деді. Себебі, Мұхтар акцияны беру, алу жөнінде оған қысым көрсеткен. Сондықтан отбасымның қаупсіздігі үшін кеткенім дұрыс депті. /

Яғни, Мұхтар Әблязов Тәтішев басқарған банктің акциясына көз тігіп, оны өзі иемденбек болыпты. Сол үшін түрлі құйтырқылық жасаған көрінеді. Сондай-ақ, банкир Ержан Тәтішевтің туған екі інісі де осы акция үшін жеңгесімен жауласқан. Олар құнды қағаздарды марқұмның ұл-қыздарына бермей, өздері алғысы келген. Тәтішевтің мұрагерлеріне қауіп төніп, қос бүйірден жасалған қыспақтан кейін есеңгіреп қалған Айтжанова Еуропаға кетуге мәжбүр болыпты. Қазір оның қайда тұрып жатқанын прокурор айта алмады. Ал, ертең немесе арғы күнгі сот отырысында Тәтішевтің әйелі мен екі бауырынан да куәгер есебінде жауап алынады деп күтілуде. Айта кетейік, Таразда «Тұран Әлем Бакнікнің» бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты қылмыстық іс қаралуда. Айыпталушы орындығында белгілі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди отыр.      

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.